×

Серік Күдебаевқа көмектесті деген күдікпен 4 адам ұсталды

Бұл туралы Қырғызстанның әскери прокуратурасы хабарлады

Серік Күдебаевқа көмектесті деген күдікпен 4 адам ұсталды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Генерал Серік Күдебаевтың қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтуіне қатысты істі Қырғызстанның әскери прокуратурасы тергеп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ары қарай Серік Күдебаев «Манас» әуежайы арқылы Түркияға ұшып кеткен. Әскери прокуратура заңсыз көші-қон дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір бұл іске қатысты төрт адам тергеліп жатыр. Олар Бішкектегі №1 тергеу изоляторына қамалды. Ұсталғандар – қарапайым тұрғындар», - деп хабарлады Қырғызстанның әскери пркуратурасы.

Еске салайық, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев билігін асыра пайдаланды деп айыпталған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаментінің ғимаратынан шығып кеткен. Бүлікшілер сол жерден қару-жарақ ұрлап кеткен.

Жақында сот үкімімен Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →