×

Министрден уәде беруін сұрау дұрыс емес – Қарашөкеев жұмыртқа бағасының көтерілуі туралы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы ахуалды қадағалау және ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық бағыттарын қолдау үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға уәде берді

Министрден уәде беруін сұрау дұрыс емес –  Қарашөкеев жұмыртқа бағасының көтерілуі туралы

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда тағамдық жұмыртқаның бағасы көтерілмейтініне кепілдік бере алмайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Қазақстандағы жұмыртқа өндірушілерге субсидия төленбейтінін, олардың не себепті министрлік тарапынан қолдауға ие бола алмайтынын сұрады. Осы тұста жұмыртқаның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіретіні белгілі.

"Бізде әрқашан тағамдық жұмыртқаның құнын өзгеріп отырады. Тіпті сізбен дауласуға дайынмын. Соңғы бес жылдағы жұмыртқа динамикасының ай сайынғы бағасын қараңыз. Жұмыртқа жылдың басында қыс айларында көтеріледі, жазда бірден төмендейді. Себебі сұраныс та төмендейді. Бұл сұранысқа байланысты. Мен жалпы шығындар құрылымы мен жағдайдың қалай өзгеретіні туралы нақты дәлелдемелер келтіріп отырмын. Сондықтан бұл жағдайда министрден бірдеңені уәде етуін сұрау дұрыс емес", –  деп жауап берді Қарашөкеев.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы ахуалды қадағалау және ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық бағыттарын қолдау үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға уәде берді.

"Бұл біздің тұжырымдамалық құжаттарымызда толып тұр. Біз бюджет пен  мүмкіндіктерімізге сүйене отырып, барлық тауар өндірушілерге жан-жақты көмектесеміз", – деді шенеунік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
28.04.2024ж. 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →