×

Air Astana президенті ұшақ билеті неге қымбат екенін түсіндірді

Сондай-ақ билетті қалай арзанырақ сатып алуға болатынын айтып берді

Air Astana президенті ұшақ билеті неге қымбат екенін түсіндірді
Air Astana-ның баспасөз қызметі

30 мамырда өткен үкімет отырысында Air Astana президенті Питер Фостер ұшақ билетінің бағасы қалай есептелетінін және билетті қалай арзанырақ сатып алуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz..

Ол Fly Arystan-дағы баға белгілеу серпінді екенін және мұндай тәжірибені барлық әлемдік тасымалдаушы қолданатынын айтты.

"Бағаны, тарифтерді, біз айтатын 13 қосалқы классты нарық белгілейді. Бұл нені білдіреді? Біреу билетті ертерек брондаса, сатып алса, біз соғұрлым төмен тариф ұсына аламыз. Сонымен қатар сатып алған күнге де байланысты. Жоспарлау уақытына да байланысты. Егер билет жұма түні сұраныстың жоғары сәтінде алынса, әрине, тариф жоғарырақ болады. Бірақ бұл шығынға байланысты баға моделі емес. Бұл тек нарыққа, сұранысқа байланысты динамика. Бұл стандартты халықаралық тариф саясаты, бүкіл әлемде қолданылады және тек нарыққа тәуелді", – деді Питер Фостер Zakon.kz-ке берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Fly Arystan сұраныс аз кезде шығынға батады. Өйткені билет бағасы төмендейді. Ал компания қызметкерлерінің жалақысы бұрынғысынша қалады.

"Бірақ сұраныс жоғары болған кезде, тарифтер де жоғары болып, тасымалдаушының пайда табуына мүмкіндік болады", – дейді ол.

Компания президенті тарифке негізделген саясат мәселесі жұртшылықтың көп назарын аударып, көп сұрақ туғызатынына келісті. Бірақ оның айтуынша, авиакомпания өзі жұмыс істейтін жағдайда қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

"Біз күшті инфляциялық қысыммен жұмыс істеп жатырмыз. Дегенмен жол жүру ақысын барынша төмен ұстау үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. Ішкі тарифтерде ешқандай қозғалыс немесе өзгеріс жасаған жоқпыз. Fly Arystan ішкі тарифтердің 54%-ын 14 000 теңгеден төмен сатады. Air Astana 47%-ын 20 000 теңгеден төмен сатады. Негізі Fly Arystan-ның былтыр сатқан орташа тарифтеріне қарасаңыз, барлығы 49 доллар. Fly Arystan ашылғанға дейін 2019 жылдың контексінде, Air Astana-ның ішкі рейстерге орташа тарифі 81 доллар болды", – деп түсіндірді Питер Фостер.

Оның айтуынша, Қазақстанның ішкі нарығы 2020 жылы айтарлықтай құлдырау болғанына қарамастан, өте жоғары қарқынмен дамып келеді. IATA статистикасына сәйкес, біздің ел қазір әлемде ең жылдам дамып жатқан ішкі тасымалдау нарығына ие.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Air Astana ұлттық тасымалдаушы мәртебесіне сай келмейтінін айтқан болатын

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →