×

Абай облысында тасаттық беріліп, қаза тапқандарға құран бағышталды

Абай облысындағы өрттен 14 орманшы қаза тапқан болатын

Абай облысында тасаттық беріліп, қаза тапқандарға құран бағышталды

Абай облысында Жаратқаннан жаңбыр сұрап, тасаттық беріліп, қаза тапқандарға құран бағышталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі уақытта жедел штабтың деректері бойынша өрттің жалпы көлемі 60 000 га құрайды, оның 43 000 гектарында жану ошақтары байқалады.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 2023 жылғы 13 маусымда күндіз Абай облысының солтүстік-батысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

"Солтүстік жел, солтүстік-шығыстан 9-14, солтүстікте, батыста, облыс орталығында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+15°С, облыстың оңтүстігінде +18°С, күндіз +27+32°С", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Абай облысындағы өрттен 14 орманшы қаза тапқан болатын. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Бүгін өрт сөндіруге кеткен тағы бір адамның жоғалғаны белгілі болды

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Бүгін, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →