×

Нұртай Сабильянов Абай облысындағы өртке байланысты Үкіметке ұсыныс жасады

Ол жергілікті жерде орын алған жағдай тиісті мемлекеттік органдар табиғи апаттарға дайын болмағанын тағы да көрсетті деп айтты

Нұртай Сабильянов Абай облысындағы өртке байланысты Үкіметке ұсыныс жасады
ult.kz

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Үкіметке Абай облысындағы өртке байланысты ұсыныс жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Ол болашақта төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет екенін айта келе алты ұсыныс айтты. Депутаттың сауалына Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жауап берді.

Сонымен бірінші ұсыныс мынандай:

«Орман және дала өрттерін уақтылы анықтау және олардың алдын алу жөніндегі нақты жұмыс істейтін іс-қимыл алгоритмін әзірлеу қажет. 
Себебі осы жолы тиісті мемлекеттік органдар арасында үйлестірілген жұмыстың болмауына байланысты қауіпті-қатерді уақтылы болжау және алдын алу мүмкін болмады.Өрт ошағы туралы алғашқы деректер 8 маусым сағат 11:23-те ғарыш аппараттарынан алынып, 8 маусым сағат 13.20-да Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтер базасына берілсе де, қауіп деңгейі лайықты бағаланбады»
, -дейді Нұртай Сабильянов.

Премьер-министр қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар (ТЖМ, ЭТРМ, ІІМ, Қорғаныс  министрлігі) «Қазақстан Республикасының аумағында орман-дала өрттерін жоюға бағытталған мемлекеттік органдар мен ЖАО іс-қимылдарының алгоритмі» жобасын әзірледі деп отыр.

«Онда орман өртінің туындау қаупі кезіндегі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының егжейтегжейлі іс-қимылы, құлақтандыру жүйелері, өрт күзетінің, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының жұмылдыру дәрежесі мен өлшемшарттарын нақтылау көзделген», – дейді Әлихан Смайылов.

Депутат екіншіден өртті жоғары дәлдікпен анықтайтын заманауи технологияларды қолдану аясын кеңейтуді ұсынды.

«Орман алқаптары мониторингінің қолданыстағы ақпараттық жүйелерін дұрыс әрі барлық жерде пайдалануды қамтамасыз ету керек. Өрт ошақтарын анықтаудың қосымша жерүсті жүйелерін орнатуға тиіспіз. Жерді зондтайтын Қазақстан спутниктерін жоғары дәлдігі бар жылу датчиктерімен жарақтандыру маңызды. Табиғи апаттар жағдайында тиісті қызметтерді фото және бейне-түсіру мүмкіндіктері бар дрондармен жабдықтау қажет», - деді ол.

Нұртай Сабильянов үшіншіден орман шаруашылықтары, резерваттарды басқару орталықтары орналасқан ауылдық елді мекендерде сапалы инфрақұрылым болуға тиіс. Оларды байланыс жүйесімен және жылдам интернетпен, сапалы жолдармен қамтамасыз ету керек деп айтты.

Үкімет «Ауыл-ел бесігі» жобасын іске асыру шеңберінде 2019 жылдан бастап инфрақұрылымды, оның ішінде инженерлік (жабдықтар, жылумен, электрмен жабдықтау объектілері және сумен, жылумен, газбен, электрмен жабдықтау желілері) және көліктік (кентішілік жолдар, көшелерді жарықтандыру) инфрақұрылымдарды жаңғырту жолымен ауылдық елді мекендерді жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде деп отыр.

«Мәселен, 2019-2022 жылдары 3,5 мың ауылды дамытуға 337,7 миллиард теңге бөлініп, 3,6 мыңнан астам жоба іске асырылды. Бұл 334 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, 1174 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын және 2,2 мыңнан астам көлік инфрақұрылымы жобаларын жаңғыртуға мүмкіндік берді. 2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға 800 АЕМ-де 1,8 мың жобаны іске асыруға 198,2 миллиард теңге көзделген. Бұл қаражат бірқатар жобаларды, оның ішінде 1203 көлік инфрақұрылымы жобасын (кентішілік жолдар) іске асыруға мүмкіндік береді», - дейді Әлихан Смайылов.

Ол бұдан басқа «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде 2027 жылға дейін ауылдарды тіркелген интернетпен қамтуды 44%-дан 100%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда екенін еске салды. Осыған байланысты 1,2 миллион астам адамды қамти отырып, 3 183 ауылға дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу және 504 елді мекенді спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асыру көзделуде екен. Сондай-ақ республикалық және негізгі облыстық жолдардың ұзындығы 17 мың шақырым болатын 500-ге жуық антенна-діңгек құрылыстарын мобильді интернетпен салуда жоспарға кіріпті.

Депутат төртіншіден, орман саласының мамандарын даярлау және қолдау, орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту өте маңызды деп отыр.

«Семей орманы» орман табиғи резерватының балансында 363 техника бар. Онда неліктен адамдар өртті сөндіруге жеке көліктерімен барған? Техниканың жай-күйі қандай? Тіпті қажетті техника бар ма? Сондықтан орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын жаңартып, арнайы өртке қарсы техникамен толық жабдықтау қажет.Сондай-ақ резерват жанында табиғи апаттармен күресуге арналған арнайы бөлімше болуға тиіс және оны барлық қажетті жабдықтармен, соның ішінде орман қорының жай-күйін бақылауға арналған дрондармен жарақтандыру керек. Орман шаруашылығы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларын күшейтіп, олардың жалақысын үнемі арттырып отырған жөн. Сондай-ақ қызметкерлерді арнайы киіммен және жабдықтармен қамтамасыз ету қажет», – деді Нұртай Сабильянов.

Премьер-министр «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің 2023 жылғы 13 ақпандағы №122 қаулысымен ТЖМ лимиті 1 613 бірлікке ұлғайтылды деп отыр. Сондай-ақ биылғы жылы Үкімет ТЖМ штат санын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы 121 бірлікке ұлғайтуды жоспарлап отыр екен.

«Бір мезгілде 2025-2026 жылдарға қосымша штат санын бөлу, оның ішінде жаңадан жұмыс істеп тұрған өрт сөндіру деполарының саны аз өрт сөндіру бөлімдерін нығайту, шұғыл медициналық көмек бригадаларын, селден қорғау топтарын, профессор-оқытушылар құрамын, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік өрт бақылау инспекторларын күшейту туралы мәселе пысықталатын болады», – дейді Үкімет басшысы.

Нұртай Сабильянов бесіншіден төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамының санын көбейту, арнайы өртке қарсы техникамен және жүріп өту мүмкіндігі жоғары техникамен жарақтандыру, азаматтық қорғау қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешу (бұл тұрғын үй мәселесі және коммуналдық қызметтер үшін өтемақы), сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ авиапаркін жаңарту және ұлғайту керек деп санайды.

«Азаматтық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін нығайту үшін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жалақысын (10-нан 77%-ға дейін) арттыру, тұрақты дайындығы үшін үстемеақылар (жалақыдан 10%) және қосымша ақылар (денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін лауазымдық жалақыдан 70% мөлшерінде төлеу мәселелері шешілді). Қазіргі уақытта қызмет өткеру кезінде тұрғын үй төлемдерін және көтерме жәрдемақыларды төлеуді жүзеге асыру мәселесі пысықталуда. «Қазавиақорғау» АҚ әуе паркін, ТЖМ-ні одан әрі дамыту мақсатында «Қазавиақорғау» АҚ-ның 2020-2029 жылдарға арналған Даму бағдарламасы шеңберінде 58 әуе кемесін сатып алу көзделген. Жалпы, орман шаруашылығы саласында өртке қарсы қорғауды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі тиісті үйлестіру жұмысы Үкіметтің бақылауында», - дейді Әлихан Смайылов.

Депутат алтыншыдан бұл мәселелер кезек күттірмейді, шұғыл шешімдерді қажет етеді. Сондықтан Үкіметке ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, орман шаруашылығы саласындағы және өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді толық қаржыландыру және заңнаманы, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңына өзгерістер енгізу мәселесін қайта қарау керек. Бұл жұмысқа депутаттар да қатысуы қажет деп айтты.

Әлихан Смайылов Үкіметтің қаулысымен 2023-2027 жылдарға арналған азаматтық қорғау саласындағы 605,9 млрд теңге сомасына өртті ерте анықтау жүйелерін орната отырып, арнайы көлік құралдары мен құрылғыларды, өртбақылау мұнараларын сатып алуға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспары бекітілгенін еске салып өтті.

 «Кешенді жоспарды орындау бойынша жарақтандыру табиғат қорғау және орман мекемелерінде 100%-ға, ТЖМ 95%-ға дейін жеткізілетін болады. Мәселен, еліміздің орман мекемелерінің өртке қарсы техникасының, оның ішінде «Семей орманы» МОТР жоғары тозуын назарға ала отырып, 2023 жылы ЕҚТА-ны материалдық-техникалық жарақтандыруға 13,4  миллиард теңге сомасында қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта 282 бірлік арнайы көлік құралдарын (51-өрт сөндіру машинасы, 38-шағын орман өртеу кешені, 149-трактор, 44-патрульдік машина), 262 бірлік өртке қарсы және орманды қалпына келтіру жұмыстарын (дискілі тырмалар, 2 соқалар, тіркемелер, цистерналар және т.б.) және шанц құрал-саймандарды (күрек, тырма, балта, шапалақ және т.б.) сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде», - дейді премьер-министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →