×

Футболдан Әлем чемпионатына арналған 100 теңгелік монета шықты

Футбол жанкүйерлерін қуантқан ерекше дизайнды монеталардың айналымдағы саны қанша?! 

Футболдан Әлем чемпионатына арналған 100 теңгелік монета шықты
inform.kz

Қазақстанда “Спорт” монеталар сериясынан “FIFA WORLD CUP QATAR 2022” коллекциялық монеталар айналымға шықты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Монеталар Қазақстан Ұлттық банкі, Қазақстан монета сарайы мен MDM неміс нумизматика компаниясы арасындағы үшжақты келісім аясында шығарылды. Сатылымға түсетін датаны Ұлттық банк қосымша хабарлайтын болады.

FIFA WORLD CUP QATAR 2022 монеталарының дизайнын FIFA Халықаралық футбол федерациясы бекіткен. Шақада рельефті орташа деңгейде алтынмен жалату бойынша жаңа технология қолданылып отыр. Ол монеталық өндірісте алғаш рет пайдаланылды және доптың көлемін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Коллекциялық монеталар алтын жалату технологиясы қолданыла отырып, 925/1000 сынамалы күмістен жасалды. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, номиналы 100 теңгелік, жалпы таралымы 4 мың дана. Ішкі нарық үшін таралымы – 3 650 дана, сыртқы нарық үшін – 350 дана.

Шақалар Қазақстанның бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Байжановтың телефонынан Бишімбаевтың "өсиеті" табылды
Кеше, 17:27

Байжановтың телефонынан Бишімбаевтың "өсиеті" табылды

Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны салдарын еңсеруге жәрдемдескен бизнес өкілдерімен және еріктілермен жүздескен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →