×

Маралдыда ауыл тұрғындары мен алтын фабрикасын салатын компания жұмысшылары жанжалдасқан

19 шілдеде өндірістің экологияға әсері туралы қоғамдық тыңдау өткізуге тиіс болған

Маралдыда ауыл тұрғындары мен алтын фабрикасын салатын компания жұмысшылары жанжалдасқан
ustinka.kz / Евгения Чех

Кеше, 19 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Маралды ауылының тұрғындары мен осы ауылдың іргесінен алтын өңдейтін фабрика салғалы жатқан компания жұмысшылары жанжалдасып қалған. Бұл жөнінде бүгін, 20 шілдеде Маралды ауылының адамдары айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Олардың сөзінше, тау-кен кәсіпорыны 19 шілдеде өндірістің экологияға әсері туралы қоғамдық тыңдау өткізуге тиіс болған. Бірақ сол күні жиналыс уақытын шегерген. Қоғамдық тыңдауға қатысуға басқа жаққа көшіп кеткен ауыл тумалары мен журналистер де жиылған. Олар жиын болмағаннан кейін фабрика аумағын видеоға түсіруге барған. Сонда "белгісіз адамдар" оларға кедергі келтірген. Осы жағдайдан кейін ауылдан 100-ден астам адам кәсіпорын жеріне барған.

– Журналистің қолын бұрап, телефонын тартып алды. Міне, біз 70-тегі шалмыз. Бізге де қоқан-лоқы жасады, жасымызға қарағалы тұрған жоқ. Қолымызды бұрап, ұрмақшы, - деді қоғамдық тыңдауға келгендермен бірге фабрика іргесіне барған Маралды тұрғыны Нұржақып Қабылбаев.

Ауыл тұрғындары "белгісіз адамдарды" алтын компаниясы немесе әкімдік арандату үшін әдейі шақырғанға ұқсайды" деп санайды. Олар "компания күзетінде Күршім ауданында тұратын, халық танитын адамдар істейді, бұлар басқа адамдар" деді.

Ал фабрика салғалы жүрген кәсіпорынның басқарушы директоры Марат Аусабаев "белгісіз адамдар жүрсе құқық қорғау органдарынан сұраңыз, менен гөрі нақты ақпарат береді" деді. Ол тек полиция шақырғанын айтты.

- Кеше, шамамен, 100-150 адамдай нысанға келіп, күзетшіні соғып, мәшинеге тас лақтырып, жұмысшыларға "кетпесеңдер өлтіреміз" деп айғайлап, шулады. Полицияға бағынбады. Жұмысшыларымыз түгел кетіп қалды,– деді Марат Аусабаев Азаттық тілшісіне телефон арқылы.

Халық фабрика іргесіне барғанда белгісіз адамдардан кетуді, фабрика құрылысын толық тоқтатуды талап еткені туралы видео әлеуметтік желіге жарияланған.

Күршім ауданы әкімі Алмат Ақышов жағдай тұрақты екенін, құқық қорғау органдары бақылап отырғанын айтты.

– Халық "бандиттер" жүрді дейді. Біреулер көлік сынды дейді. Оны құқық қорғау органдары анықтайды. Оқиға болған жерге мен де кеше дереу бардым. Халық пен компания қызметкерлері сөзбен ғана қақтығысты деуге болады. Бас жарылып, көз шығатындай ештеңе болмады. Дабырайтатындай мәселе жоқ, – деді Алмат Ақышов.

Маралды ауылының төңірегінде алтын өндіретін фабрика салу мәселесіне байланысты былтырдан бері бірнеше рет қоғамдық тыдау өтіп, жернгілікті тұрғындар қарсылығын білдірген. Олар "алтын шаятын қоспалар экологияны ластап, өзенді былғайды" деп есептейді. Компания оны жоққа шығарып, жұмысты талапқа сай істейтінін айтқан.

Маралды тұрғындары зауыт салдырмау үшін бірнеше рет президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған. Биыл үкімет фабрика жұмысы уақытша тоқтатылғанын, тек тәжірибелік-өнеркәсіптік мақсатта алтын өндіріліп жатқан хабарлаған.

Маралды ауылының іргесінде Maralicha және Maralicha-Gold деген тау-кен кәсіпорындары жер қойнауын барлап жатыр. Ал "ВСАМ Продакшн" компаниясы сол жерге алтын өндіретін фабрика салуды көздейтіні туралы ақпарат тараған.

Азаттық фабрика салатын компания иелерінің бірі, кәсіпкер Айдын Рамазановтың Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен таяуда босаған Даниал Ахметовтің ұлымен бизнес-серіктес екенін анықтаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Кеше, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →