×

Алматыдағы АИТВ дауы: бас дәрігер жұмыстан шеттетілді

Науқастардың ВИЧ инфекциясын жұқтыруы медицина қызметкерлерінің кінәсінен болған

Алматыдағы АИТВ дауы: бас дәрігер жұмыстан шеттетілді
ашық дереккөзден

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков тергеу нәтижелері бойынша Орталық қалалық клиникалық ауруханада медициналық көмек көрсету алгоритмі сақталғанын, жүйелі бұзушылықтар болмағанын хабарлады. Алайда пациенттердің инфекцияны жұқтыру фактісі адами фактормен, атап айтқанда, орта медициналық персоналдың жекелеген қызметкерлерінің санитарлық–эпидемиологиялық нормаларды бұзуымен байланысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Қазіргі уақытта АИТВ-инфекциясы анықталған барлық үш пациент ЖИТС орталығына диспансерлік есепке қойылды, жеке емдеу схемасы бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілді, оларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Комиссияның қорытындылары негізінде, сондай - ақ ҚР Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының алты тармақшасы негізінде қалалық аурухананың бас дәрігері Н.Б. Табынбаев жұмыстан шеттетілді", – деді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 16-тармақшасы негізінде бас дәрігердің эпидемиология жөніндегі орынбасары, реанимация меңгерушісі, стационардың бас медбикесі және реанимация бөлімшесінің аға медбикесі жұмыстан шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының ортасында Алматы ауруханасының үш пациентінде АИТВ анықталғаны белгілі болды, содан кейін Денсаулық сақтау министрлігі тергеуді бастады.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, тергеу барысында олар аурухана-ішілік инфекцияны жоққа шығарғысы келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →