×

"Хиджап кигендер мен қысқа юбка кигендер бірге жүре береді": Тоғжан Қожалы қуанышты жаңалықпен бөлісті

Тоғжан Қожалы мектептегі хиджап мәселесі жөнінде пікірін айтты

"Хиджап кигендер мен қысқа юбка кигендер бірге жүре береді": Тоғжан Қожалы қуанышты жаңалықпен бөлісті
smi24.kz

 

Қоғам белсендісі, «HAQ» қайырымдылық қорының жетекшісі Тоғжан Қожалы мектептегі хиджап мәселесі жөнінде пікірін айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz. Ол шет елдерді мысалға келтірді.

«Түркия, Индонезия, Сингапур бар. Ол елдерде хиджап кигендер мен қысқа юбка кигендер бірге жүре береді. Барлық елге барып жүрміз. Ол жерде бір-біріне қарсылық жоқ. Неліктен Түркия, Сингапурға, Малайзияға қарамасқа? Малайзияда да жергілікті тұрғындар қытайлармен жүре береді. Бәрі бейбіт. Біз болса Ауғанстан, Сирия, Иран дейміз. Бізге «кубалка» жасап жатыр. Біз өзіміздің түрік азаматтарымыздан үлгі алайық. Тепе-тең, ешкіммен ұрыспай – ол да құзырлы ел», - дейді ол.


Тоғжан Қожалыдан журналистер «қаңтар оқиғасын теріс ағымдылар ұйымдастырды» деген әңгіме бар. «Осындайдан басталған жоқ па?» деп сұралды одан. Алайда Тоғжан Қожалы Қаңтар оқиғасы кезінде де, оның алдындағы Ақтөбедегі терактты «сыртқы күштердің ықпалы, мысалы Ресей» деп тұспалдады. 


«Қаңтарда салафиттердің, діншіл адамдар емес, кландар шықты. Кланның бір иесі дінге жақын. Ол кәдімгі кландардың соғысы болды», - дейді ол.


«Ал сіздің діни көзқарасыңызға бұрынғы қайнағаңыздың (Бекболат Тілеухан) ықпалы болды ма?» деген сұраққа да жауап берді. Арасында «қазір басқаға күйеуге шығайын деп жатырмын» деп те қуанышты жаңалығымен бөлісті. 


«Мен шығыстанушы, араб тілінің маманымын. 10 күннен кейін елуге толам. Қырыққа дейін-ақ елге танымал болдым. Намазды 20 жасымнан оқимын, оразаны 21 жасымнан ұстаймын. Ораза ұстағаныма 30 жыл болып қалды. Менің өз отбасым, әкем, анам бәрі қажы. Намаз оқып жүргеніне көп жыл болды. Әжем намаз оқыған. Сондықтан, бұл біреудің ықпалы емес», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →