×

Астанада жылыту энергиясына тапшылық бар

Министр жылу энергиясына тапшылық мәселесін шешудің жолдарын айтты

Астанада жылыту энергиясына тапшылық бар
фото: ашық дереккөзден

Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов Астанада жылыту энергиясының тапшылығы барын айтты, деп хабарлайды qaz365.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Астанада салынып жатқан үйлерде жылу проблемасы болуы мүмкін бе, елорданың жылусыз қалу қауіпі бар ма? - деп сауал қойды. Ал, Энергетика министрі Болат Ақшолақов елордада жылу энергиясына тапшылық барын айтты. 

“Өкінішке қарай, қазіргі уақытта тапшылық бар. 362 гигакалория шамасында тапшылық бар. Бірақ бұл проблеманы шешу үшін Астана қаласының әкімдігі мен Үкіметпен бірлесіп қосымша үш қазандықты қондыруды жоспарлап отырмыз. Оған Үкіметтен қосымша ақша бөлінген. Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі бұл тапшылықты келесі  жылыту маусымына дейін шешу үшін әзір болуы қажет, - деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Министр жаңадан қосылатын  үш қазандық қосымша 1500 гигакалория жылу беруге мүмкіндігі барын айтты. Яғни артық қуат беруге мүмкіндігі бар. 

“Жаңа нысандардың құрылысын, мысалы, жылу орталықтарының құрылысын аяқтағанда  қалалық архитектурамен не болмаса  әр облыстың архитектурасымен келісіп, электр, жылу және сумен жабдықтау желілерін алдын ала тексеру керек. Қалай болса да, сала салып, кейін тарту деген дұрыс емес. Ең басты мәселе – бұл инфрақұрылым. Электр қуаты жеткілікті болуы, сумен қамтамасыз етілуі керек. Жылу жүйелерін тарту қажет. Егер үй іске қосылса құбырдың қуаттылығы я болмаса жылыту орталығының қуаты жетпейтін болса, онда әрине тапшылық болады,  - деді Болат Ақшолақов.

Министр жылу энергиясына тапшылық мәселесін шешудің жолдарын айтты. 

“Біз бүкіл әкімдіктермен сөйлесіп алдын ала тексеру жүргізуге ұсыныс бергенбіз. Қазір алдымен аудит жұмыстары аяқталады. Кейін оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады. Жылу энергиясына тапшылық болмас үшін бәрін бір жүйеге келтіреміз. Алдын ала инфрақұрылымды тексеру жұмыстарымен айналысып жатырмыз”, - деді министр. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →