×

Тұтқындарды азаптау: ҰҚК-нің бұрынғы қызметкерлері өз кінәларын мойындады

«Бастарын унитазға тыққан»

Тұтқындарды азаптау: ҰҚК-нің бұрынғы қызметкерлері өз кінәларын мойындады
видеодан скриншот

Астанада құрамында алтын бар шикізатты ұрлады деп айыпталған он үш тұтқынды азаптау фактілері бойынша басты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  бұрынғы төрт  қызметкері күдіктілерді азаптады деп айыпталуда. Әскери прокурор ҰҚК-нің бұрынғы қызметкерлері күдіктілердің денсаулығына қасақана зиян келтірген деп мәлімдеді. 

Төрт сотталушы қылмыстық кодекстің 146-бабы «Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас», басқаша айтқанда, азаптау бойынша сотталып жатыр.

Бұл іс бойынша Шығыс Қазақстанда 13 жәбірленуші отыр. Азаптауға ұшыраған тұтқындар «ФИК» Алел» зауытына қарасты «Суздаль» кенішінде құрамында алтын бар шикізатты ұрлады деген күдікке ілінген. Бұл – алтын өндіретін компанияның еншілес кәсіпорны.

«Алтын ОПГ» ісіне күдіктілер екі жыл бойы Астана қаласының тергеу изоляторында болған. Жәбірленушілер тарапының айтуынша, олардан айғақтар заңсыз жолмен алынған.

«Екі сот қатар жүрді, біздің туыстарымыз ұрлық жасады деп айыпталып отыр. Бұл дәлелдеу базасы. Олар азаптағанын мойындайды», – деді Семей қаласының тұрғыны Айнұр Әшімова.

«Олар су қайнатқышты ауыздарына тақап, бастарын унитазға тыққан. Біз туыстарымызды бір жылдан астам уақыт бойы мазақ еткендердің көзіне тік қарап, олардың да соны сезінгенін қалаймыз», – деді Семей қаласының тұрғыны Айнұр Әбеуова.

Прокурор тұтқындарға қандай зорлық жасалғанын айтты.

«Сартаев оң қолымен Тілеубаевтың иегін жұдырықтап ұрып, оған жауынгерлік қалыпта тұруға бұйрық берген. Тілеубаевты төрт аяқтап тұрып, дәлізде еңбектеткен. Осы кезде өкшесінен ұрған», – деді бас әскери прокурорының аға көмекшісі Кемел Шаяхмет.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкерлері кінәсін мойындады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →