×

Қостанайда экс-судья сотталды

Экс-судья сотталды

Қостанайда экс-судья сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қостанайда бұрынғы судья тоғыз жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасының бұрынғы төрағасы Асқар Дарбаев 19 миллион теңге көлемінде пара алу дерегі бойынша сотталды.

Үкім Қостанайдың № 2 сотында жарияланды, отырыс ашық режимде өтті. Айыпталушылар орындығында кәсіпкер Елжас Қалқаев та болды. Іс материалдарына сәйкес, бұрынғы судья ол арқылы басқа кәсіпкерден пара алған.

Жарыссөзде прокурор бұрынғы судьяны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару, ҚР Ұлттық Банкінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Дарбаевқа жазасын өтеу орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде белгіленсін", – деп, үкімді Қостанай қаласының № 2 сотының судьясы Мерей Аманжолов жариялады.

Кәсіпкер Елжас Қалқаевқа сот бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот залында оған кісен салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →