×

"Мен адастым": Алматыда 10 адамды өлтірген Күлекбаев жан азабын жайып салды

Руслан Күлекбаев сотталғаннан бері алғаш рет камераға ағынан жарылды

"Мен адастым": Алматыда 10 адамды өлтірген Күлекбаев жан азабын жайып салды
"КТК" телеарнасы

2016 жылы Алматыда 10 адамды өлтіріп, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Руслан Күлекбаев "КТК" телеарнасының “Адастырған ақиқат” деректі фильмінде алғаш рет жан азабын жайып салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күлекбаевтың қолынан оққа ұшқан марқұм полицей А.Ғалиевтің жары Анар Асанова қайғылы оқиғадан кейін бірнеше жыл өтсе де, әлі де өзіне оңай соқпайтынын айтады.

“Жан-жарымнан айырылып, жалғыз өмір сүру, бала-шағаны жалғыз асырау оңай емес. Ол адам да қиналуы керек. Қаншама адамның өміріне зиян келтіргенін сезінуі керек. Қаншама баланың көз жасына қалды, қаншама әйел жесір қалды”, – дейді ол.

2016 жылы Алматы қаласының мамандандырылған соты Күлекбаевты өлім жазасына кескен. Алайда мораторийге байланысты бастапқыда Арқалықтағы түрмеге жіберілген. Ал 2021 жылдан бастап еліміздегі өмір бойына сотталғандар отыратын жалғыз мекеме – ”Қара бүркіт” түрмесінде жазасын өтеп жатыр.

"Күлекбаев осы колонияға түскен кезде тұйық болды. Ол кезде ол радикалды көзқарасынан әлі де оңалмаған. Ол камерада оқшау отырады, ешкіммен байланыспайды. Тек колония қызметкерлерімен (сөйлеседі – еск.). Кейде ол психологтармен және теологтармен әңгімелеседі", – дейді колония бастығы Дархан Нұрекешев.

Руслан Күлекбаев сотталғаннан бері алғаш рет камераға ағынан жарылды.

“Мен сотта “Уаллахи, мені тіпті ату жазасынан ауыр жазаға кессе де, мен үшін түк емес” деген едім. Кешегі жағдайды көрген кезде сондай қатігез болған екенмін ғой деймін. Мен адастым. Дұрыс білім алмадым. Негізгі білімді алмай жатып, жоғарыға кетіп қалдым, яғни қылыш көтеруге дейін кетіп қалдым. Болған іс болды. Мен оларға (туыстарына) қайтарып бере алмаймын. Егер мені кешірсеңіздер, бұл сіздерден маған жасаған жақсылық”, – дейді ол.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Бүгін, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →