×

Атырауда 60 жастағы ер адам 9-қабаттан секіріп көз жұмды

Оқиға 10 қаңтарда болған

Атырауда 60 жастағы ер адам 9-қабаттан секіріп көз жұмды
Фото: egemen.kz

Атырау қаласында шетел азаматы тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп кеткен. Оның мұндай әрекетке бару себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 10 қаңтарда болған.

«Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде кешкі сағат 19:26 шамасында ер адамның 9-қабаттан секіріп кеткені туралы хабар түсті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына жеткен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері суицид жасаған Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтады. Марқұм 1964 жылы туған», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Осыған байланысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр.

Полиция қызметкерлері шетелдіктің тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіруіне не себеп болғанын нақтылаған жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →