×

Батыс Қазақстанда кәсіпкерден миллион доллар бопсалаған тұрғын ұсталды

Күдікті автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды

Батыс Қазақстанда кәсіпкерден миллион доллар бопсалаған тұрғын ұсталды
Фото: tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды.

«Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды», – делінген БҚО полиция департаменті хабарламасында.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау). ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →