×

Сирияда жер сілкінісінен 42 адам қаза тапты

200 адам жарақат алған

Сирияда жер сілкінісінен 42 адам қаза  тапты
Getty images

AFP ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Кахраманмараштағы жер сілкінісі салдарынан Сирия үкіметі бақылауындағы аймақтарда кемінде 42 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Сирияның мемлекеттік ақпарат агенттігінің (SANA) хабарлауынша, Сирияның Алеппо, Хама және Латакия қалаларында 42 адам қаза тауып, 200 адам жараланған.

Латакия маңында бір ғимараттың, Хамада бірнеше ғимараттың жартылай қирағаны хабарланды.

Сирияның азаматтық қорғаныс қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің аман қалғандарды шығару жұмыстарын жалғастырғаны айтылды.

Сирияның Ұлттық жер сілкінісі орталығының басшысы Раед Ахмед үкіметті қолдайтын радиостанцияға «бұл орталық тарихындағы ең ірі жер сілкінісі» деді.

Бұған дейін Түркияда 6 жер сілкінісі болып, салдарынан ғимараттап қирап, адамдар қаза тапқанын жазған болатынбыз. Соңғы мәліметтер бойынша, Кахраманмараштағы жер сілкінісінен 76 адам қаза тауып, 440 адам жарақат алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →