×

Путин орыстың ұлы көшбасшысының «Алтын ордаға» бағынғанын мойындады

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қоғамдық палатаның жаңа сегізінші құрамымен кездесу өткізді

Путин орыстың ұлы көшбасшысының «Алтын ордаға» бағынғанын мойындады
Коллаж Qaz365.kz

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қоғамдық палатаның жаңа сегізінші құрамымен кездесу өткізді. Оның құрамына алғаш рет Ресейдің Украинадан тартып алған ДХР, ЛПР, Запорожье және Херсон облыстарының өкілдері кірді. Кездесу 4 қарашада тойланатын Ресейдің Ұлттық бірлік күні қарсаңында өтті.  Путин халықтың бірлігі Ресейге қиын сәтте көмек болғанын баса атап өтті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Ол осы ретте Ресейдің ұлы қолбасшысы саналатын Александр Невский өмір сүрген кезеңге тоқтап,  «Алтын ордаға» бас игенін еске түсірді.

 «Александр Невский өмір сүрген дәуірді еске алайықшы. Ол «Алтын орда» хандарына барып, бас иіп, тізесін бүгіп, ант етті.  Қызмет етемін деп иілді. Неге? Ең алдымен батыстың отарлауынан сақтануды мақсат етті. Ордалықтар өздерін өте өктем, қатыгез ұстады. Бірақ олар біздің тілімізге, мәдениетімізге, дәстүрімізге тимеді. Батыс отарлаушылары болса, бұл құндылықтарымызды жояр еді. Осы құндылықтарды жұлып алсаң, онда ұлт та біртіндеп жойылады. Міне, сол себепті де біз Невскийді ұлы деп құрметтейміз, әулие санаймыз. Оның осы таңдауы үшін құрмет тұтамыз»,  – дейді Путин.

Александр Невский 1236-1252 және 1257-1259 жылдар аралығында үш мәрте Новгород князі болған. 


Айта кетейік, 2014 жылы Ресей Президенті «Селигер» жастар форумы қатысушыларымен кездесуде сол кездегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұрын мемлекет болмаған жерде жаңа мемлекет құрып, таңғажайып дүние жасағанын айтқан. Путиннің «Қазақтарда мемлекет болмаған, мемлекетті Нұрсұлтан Назарбаев құрды» деген сөзі қоғамда көп талас туғызды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →