×

Парламент Елбасы туралы құжаттың күшін жоятын заңды қабылдады

Парламент Елбасы туралы құжаттың күшін жоятын заңды қабылдады
elbasy.kz

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң қабылданды, деп хабаралайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

11 қаңтар күні Мәжіліс төрағасы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Отырыста «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң жобасы екі оқылымда қаралды.

11 қаңтар күні Мәжілістің жалпы отырысында аталмыш заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына енетін депутаттар іріктелген болатын.

Осылайша Мәжілістен Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Ерубаев Серік Сәрсенұлы, Смайлов Ерлан Валерийұлы комиссия құрамына кірді.

Ал 12 қаңтарда Сенат депутаттары бірлескен комиссияның мүшелерін сайлады.

Нәтижесінде аталған комиссияның құрамына сенаторлар Владимир Волков, Сұлтанбек Мәкежанов және Дүйсенғазы Мусин енді.

Былтыр жыл аяғында Мәжіліс төрағасы Е. Қошанов аталған заңның күшін жою мәселесі Парламентте 2023 жылдың басында қаралатынын айтқан еді.

«Сол заңда көрсетілген артықшылықтардың барлығы күшін жояды. Бірінші президентке де, болашақ президенттерге де экс-президентке қатысты нормалар бірдей қолданылады. Егер заң күшін жоса, онда қарастырылған иммунитеттің заңды күші болмайды», - деді Мәжіліс спикері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Украинамен соғысып жатқан Сергей Шойгу Қазақстанға келді
25.04.2024ж. 23:07

Украинамен соғысып жатқан Сергей Шойгу Қазақстанға келді

Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →