×

Жәкішев: Украина жеңілсе, онда Қазақстан қазір Ресейдің құрамында болуы мүмкін еді

"Гордонда қонақта" YouTube арнасында қазақстандық бизнесмен, "Казатомпром" компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішевпен сұхбат жарияланды

Жәкішев: Украина жеңілсе, онда Қазақстан қазір Ресейдің құрамында болуы мүмкін еді
politic.kz

"Гордонда қонақта" YouTube арнасында қазақстандық бизнесмен, "Казатомпром" компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішевпен сұхбат жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

- Украина халқының өмірі соғысқа дейін және кейін деп екіге бөлінгені белгілі. Қазақстандықтардың басым көпшілігі Украинаны қолдап, оның қиындық көріп, зардап шегіп жатқан халқымен бірге қайғыруда. Осыдан бір жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 2022 жылдың 27 ақпанында, Ресей Украинаға шабуыл жасаған кезде қандай сезімде болдыңыз? 

- Білесіз бе, шынымды айтсам, мен мұндай болады деп мүлдем күткен жоқпын. Алғаш естігенде, есеңгіреп қалдым. Украинадағы қалаларды бомбалай бастағанда, сонау 1941 жылы фашистік Германияның таңғы сағат төртте тұтқиылдан шабуыл жасағанын көз алдыма елестеттім. Бірден Украинадағы әріптесім, "Укратомпромның" басшысы болған Юрий Недашковскийге хабарласып, амандығын білдім.
Шынымды айтсам, екі бауырлас елдің арасындағы жағдайдың неліктен мұнша ушығып кеткенін түсіне алмай-ақ қойдым. Соғыс ашу себебі де түкке тұрғысыз дүние. 

- Егер Украина тізе бүккен жағдайда, келесі шабуыл Қазақстанға жасалуы ықтимал екенін қазақстандықтар ішкі түйсігімен сезіне ме?

- Барлық Қазақстан халқының атынан сөйлемей-ақ қояйын, тек өз пікірімді білдірейін. Менің ойымша, Ресейдің "Киевті бірнеше күнде басып алам" деген жоспары жүзеге асып, Украина тез берілгенде, Қазақстан қазір Ресейдің құрамында болар еді. 

Осыған орай мен мынаны айтқым келеді. Есіңізде болса, 27 қаңтарда коммунистік партияның өкілі Г.Зюганов Қазақстанда орыс тілін қолдануға шектеу салуда деген бағытта шу көтерген болатын. Донецк пен Луганск туралы пікірді соғыс басталмай тұрып, алғашқы болып айтқандар да осы коммунистік партияның өкілдері еді. "Биліктің партиясы емес" деп олардың бұл сөзіне ешкім мән бермеді. Ақыры аяғында осылардың дегені болды. Енді өзіңіз ойлап қараңыз, бұл соғысқа дейін айтылған сөз болатын. Егер ойлаған мақсаттары жүзеге асқан жағдайда, олар ауызды Қазақстанның аумағына салуы әбден мүмкін еді. 

Басқаларды қайдам, мен бұлардың түпкі ойын бірден сездім. Мұның бәрі үлкен жоспардың бір бөлшегі деп есептедім. Алайда Украина халқының қайсарлығы мен табандылығының арқасында бұл жоспар жүзеге аспай қалды. Украина қазіргі таңда тек өзінің бостандығы үшін ғана емес, Қазақстан үшін де күресіп жатыр деп ойлаймын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұрынғы Қаржы министрі жаңа қызметке тағайындалды
Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті ғылыми орталығы ашылды
Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →