×

Дұрыс тамақтанудың жолдары қандай – түркістандық дәрігердің кеңесі

Нұрлан Шалапов ыстық тамақтарды мүмкіндігінше суға немесе буға пісірген дұрыс екенін ескертті

Дұрыс тамақтанудың жолдары қандай – түркістандық дәрігердің кеңесі
Фото: hudeyu.com

Дұрыс тамақтанбаудың салдары түрлі ауруларға душар етуі мүмкін. Ішкен асыңыз бойыңа қуат болуы үшін дұрысын таңдаған абзал. Әйтпегенде, қазіргі заманда толып кеткен түрлі фаст-футтар мен сусындар денсаулығыңызға зиянын тигізуі мүмкін. Түркістан облысындағы ХҚТУ Клиника-диагностика орталығының жалпы тәжірбиелі дәрігері Нұрлан Шалапов Qaz365.kz тілшісіне дұрыс тамақтанудың қыр-сырын айтты.

Нұрлан Шалаповтың айтуынша, дұрыс тамақтану арқылы артық салмақтан арылуға көмектеседі. Қазір қыз-келіншектер, әйелдер әлеуметтік желіден естіп алған түрлі диетаға бет бұрады. Көбі бірақ сол диетаны сақтай алмайды. Диетаны бұзып, қайта қалпына келтіре берудің адам ағзасына зияны баршылық. Дәрігер маман адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты екенін ең алдымен, былай ескертеді.  

«Егер де сіз денсаулығым мығым болсын десеңіз тәттіден, қуырылған тамақтардан мүлде бас тартқан дұрыс. Қазір тәттінің де, қуырылған тамақтың да түрі түрі бар. Тәттісіз шыдай алмаймын десеңіз, оны алмастыратын көп өнімдер бар. Қазір дәріханаларда  алмастыратын арнайы таблеткаларды қолдануға болады. Сондай-ақ, тәтті торт, бәліш, құймақ сынды өнімдерді бидай ұнынан емес, күріш, жүгері, сұлы жармасының ұнымен калориясы аз әрі денсаулыққа өте пайдалы етіп пісіруге болады», - дейді ол.

Нұрлан Шалапов ыстық тамақтарды мүмкіндігінше суға немесе буға пісірген дұрыс екенін ескертті. 

«Тамақты жасқа қарай ішіп-жеу керк. Алайда тамақ ішу арасындағы аралық 4-5 сағат болуы маңызды. Жүргізілген зерттеулер негізінде, кешкі ас пен ұйқының алдындағы аралықта 2-3 сағат өтуі керек. Адамның денсаулығының 80%-ы оның қалай тамақтануына байланысты болады»,- дейді дәрігер-маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →