×

Қырғызстан заң жүзінде бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салды

Қырғызстан заң жүзінде  бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салды
Фото: Алексей Смагин, Коммерсантъ

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салды. Президенті тиісті құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заң қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім киюге қатысты енгізілді. Заң жобасын Жоғарғы кеңес 2024 жылдың 26 желтоқсанында қабылдаған.

Сонымен қатар, дәл осы заң психологиялық немесе физикалық зорлық-зомбылық арқылы дінді мәжбүрлеуге, қарттар үйінде, әскери бөлімдерде немесе түзеу мекемелерінде діни рәсімдерді өткізуге тыйым салады.

Сондай-ақ, діни әдебиеттерді қоғамдық орындарда, мемлекеттік, муниципалдық және білім беру ұйымдарында таратуға тыйым салынады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қыздардың аты неге шежіреде жоқ?»: «Жеті апа» авторы қоғамға не айтқысы келеді?
Бүгін, 12:30

«Қыздардың аты неге шежіреде жоқ?»: «Жеті апа» авторы қоғамға не айтқысы келеді?

Жарыққа шыққанына 2 жыл болған «Жеті апа» атты туындыны қоғам қайта талқылап жатыр
Барлығы 680 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды
Бұл бастама «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып отыр
Акцияға 2 800 адам қатысты, 41 бірлік техника тартылып, 101 тонна қоқыс шығарылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →