×

Қазақстандықтар теңгелік депозиттері бойынша өтемақы ала бастады

Cыйлықақыны алатын салымшылар саны 2 млн 615 мың 772 адамды құрады

Қазақстандықтар теңгелік депозиттері бойынша өтемақы ала бастады
ult.kz

2023 жылдың 16 наурызында теңгелік салымдар бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуге арналған қаражат екінші деңгейдегі банктерге түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Қазақстан депозиттері кепілдік беру қоры ресми сайтына жазды.

«Өтемақы төлеу рәсімінің аяқталып келе жатқандығын қуана хабарлаймыз. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 15 наурызда банктерден салымшылардың ақтық тізілімін алып, оларды операторға жолдады. Жақын күндері банктер төлемдерді толық көлемде аяқтайды», - деді ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ мен «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ ақшаларды банктерге аударды. Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы 306,6 млрд теңге болды. Ал мемлекет тарапынан 10-пайыздық сыйлықақыны алатын салымшылар саны 2 млн 615 мың 772 адамды құрады.

Қағидаларға сәйкес, екінші деңгейдегі банктер екі жұмыс күні ішінде (соңғы күнін қоса алғанда 2023-тің 20 наурызына дейін) тиесілі сыйлықақыны өтініш берген депозиторлардың шоттарына аударады.

Теңгелік депозиттер бойынша 10%-дық сыйлықақы Қаржы министрлігі мен Қазақстанның Ұлттық Банкінің қаражаттары есебінен төленеді.

Банктер сыйлықақы төлеуге өтініштерді бес ай бойы – 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың ақпанына дейін қабылдады. Өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 10 ақпанында аяқталды.

Сыйлықақыны есептеу бойынша толыққанды ақпарат алу үшін салымшылар депозиттері ашылған банктерге жүгінулері тиіс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

«Тоқтал, вандал!» акциясы қалада дәстүрлі түрде волонтерлердің қатысуымен өтеді
Елдегі зейнеткерлер саны – 2 миллиан 364 мың адам

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →