×

Тоқаев ерекше қажеттілігі бар адамдардың жәрдемақысын көбейтуді тапсырды

Елімізде осы санатқа кіретін 700 мыңнан астам адам бар

Тоқаев ерекше қажеттілігі бар  адамдардың жәрдемақысын көбейтуді тапсырды
egemen.kz

Мемлекет басшысы ерекше қажеттілігі бар  адамдардың жәрдемақысын орта есеппен 14,5 пайызға көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 

Оның айтуынша,елімізде осы санатқа кіретін 700 мыңнан астам адам бар.

“Осы орайда, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арнайы тоқталғым келеді. Елімізде осы санатқа кіретін 700 мыңнан астам адам бар. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы оларға оңай тиіп отырған жоқ. Біз ерекше қажеттілігі бар адамдарды және олардың күтушілерін қолдау шараларын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған азаматтар назардан тыс қалмауы керек”, – деді Тоқаев.

Ол сондай-ақ аталған санаттағы адамдардың жәрдемақысын көбейтуді 1 қыркүйектен бастап қолға алу керегін айтты.

“Осы орайда, Үкіметке аталған санаттағы адамдардың жәрдемақысын орта есеппен 14,5 пайызға көбейтуді тапсырамын. Мұны биылғы 1 қыркүйектен бастап қолға алу қажет. Қазақстан біздің аймақтағы осындай әлеуметтік жәрдем беретін жалғыз мемлекет деуге толық негіз бар. Жалпы, әлеуметтік қолдау алдын ала және шын мәнінде мұқтаж жандарға көрсетілуге тиіс.

Дегенмен, кез-келген көмек масылдыққа себеп болмауы керек. Әсіресе, еңбекке жарамды жас азаматтар жәрдемақыға қол жаймауға тиіс. Денсаулығы мықты, күш-қуаты бар азаматтар үшін бұл – ұят нәрсе. Ал, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға айрықша көңіл бөлу керек. Осындай жұмысшыларға арнайы төлем төлеу мәселесін ойластырған жөн”, – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев ҚХП мен ЖСДП депутаттары әлеуметтік мәелелерді шешуге беелсене атсалысатынына сенетінін айтып өтті.

“Бұл ретте, еліміздегі және халықаралық тәжірибені мұқият зерделеу маңызды. Мемлекеттік көмек әлеуметтік қатердің салдарын жоюға емес, оның алдын-алу үшін берілуі қажет. Парламент пен Үкімет осы бағытта бірлесе жұмыс істеуі керек. Қазақстан халық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының депутаттары әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене атсалысады деп сенемін”, – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көпбірлік ауылында жаңа мәдениет үйі бой көтермек
Бүгін, 11:29

Көпбірлік ауылында жаңа мәдениет үйі бой көтермек

Балқаш көлінің жағалауына апаратын 2,5 шақырымдық жолдың мәселесі де шешілмек
Ауданда кейінгі 5 жылда 71 үйдің кілті пайдалануға берілген
Жетісу облысында жалпы 1990 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 10714 тонна қоқыс шығарылды
Мопед айдап зардап шеккен балалар өмір бойы Физиологиялық және психологиялық ауыртпашылықты сезініп өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →