×

Алматы жолдарындағы жылдамдықты тағы екі есе төмендету ұсынылды

Бұл идеяны Vision Zero Almaty бағдарламасын әзірлеушілер ұсынды

Алматы жолдарындағы жылдамдықты тағы екі есе төмендету ұсынылды
tengrinews.kz

Алматыда жылдамдықты тағы да сағатына 60-тан 30 шақырымға дейін төмендету ұсынылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл идеяны Vision Zero Almaty бағдарламасын әзірлеушілер ұсынды. Мамандардың айтуынша, қаладағы орташа жылдамдық сағатына 20 шақырымнан аспайды.

"Ал кептеліс кезінде бұл көрсеткіш одан да төмен. Сондықтан қаладағы жылдамдықты әдепкі бойынша 60-тан 50-ге, кей жерлерде сағатына 40-30 шақырымға дейін төмендету жоспарын әзірлеу қажет. Бұл – 2030 жылға дейінгі бағдарламамыздың ұзақ мерзімді мақсаттарының бірі", - деді сәулетші және сарапшы Давид Каминский Vision Zero Almaty тұжырымдамасының тұсаукесерінде.

Сондай-ақ Vision Zero Almaty бағдарламасын сәтті жүзеге асыру үшін басқа да бірқатар шарттар орындалуы қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →