×

Елімізде теміржол билеттері арзандауы мүмкін

Енгізілген жаңа түзетулер жолаушыларға билет құнын едәуір төмендетуге және олардың шекті бағасын белгілеуге мүмкіндік береді

Елімізде теміржол билеттері арзандауы мүмкін
elorda.info

Көлік прокурорлары теміржол билеттерінің құнын төмендетуді көздеп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz ҚР бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

“Бас көлік прокуратурасы жоспарлы талдау шеңберінде көлік саласындағы уәкілетті органның "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін айқындау әдістемесін бекіту туралы" бұйрығын зерделеді.Әдістемеге динамикалық баға белгілеу принципі бойынша жол жүру құнын анықтау формуласы заңсыз енгізілгені анықталды, бұл іс жүзінде жол жүру құжат бағасының қымбаттауына мүмкіндік берген”, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Осы жылдың 21 ақпанында бас көлік прокуратурасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне теміржол билеттерінің бағасының қымбаттауына қатысты наразылық білдірген еді. Ол толық көлемде қанағаттандырылды.

Бүгінгі таңда теміржол билеттерін сату кезінде динамикалық баға белгілеуді қолдану тоқтатылды, осы норманы алып тастау туралы бұйрықтың жобасы уәкілетті органдармен келісілу сатысында.

Енгізілген жаңа түзетулер жолаушыларға билет құнын едәуір төмендетуге және олардың шекті бағасын белгілеуге мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды
26.04.2024ж. 17:05

Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр
АҚШ басылымы сотта көрсетілген жантүршігерлік кадрларды сипаттаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →