×

“Көк мұхит стратегиясы” бестселлері қазақ тіліне аударылды

Әлемдік бестселлер болған “Көк мұхит стратегиясы” туындысы дүние жүзінің 47 тіліне аударылып, 4 миллионнан аса данасы сатылған. 

“Көк мұхит стратегиясы” бестселлері қазақ тіліне аударылды
Qaz365.kz

Бүгін Алматыда аталмыш кітаптың тұсаукесер рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Шараға Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, белгілі меценат Алмаз Тультаев, chocolife компаниясының негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов, Assyltas қоғамдық қорының директоры, депутат Дулат Тастекеев, белгілі кәсіпкер Қуаныш Шонбай мен журналистер, аудармашылар мен редакторлар қатысты. 

Айта кетейік, бұл кітап YPO Kazakhstan ұйымының “іскерлік әдебиетті қазақша сөйлету” жобасы аясында  қазақ тіліне аударылып, басылды. 

Әлемдік бестселлер болған “Көк мұхит стратегиясы” туындысы дүние жүзінің 47 тіліне аударылып, 4 миллионнан аса данасы сатылған. 

2005 жылы жарыққа шыққан кітап, енді қазақтілді оқырмандарға да қолжетімді болып отыр.

«Дәл бүгіннен бастап, Kitap қосымшасынан дәл осы бестселлер кітапты  онлайн оқуға мүмкіндік тудырып отырмыз. Бұл — қаржы дағдарысынан шығу, кәсіпкерлік қызметті дамыту мен бизнесте жаңа бағыттарды ашуға мүмкіндік беретін құнды еңбек», — деп атап өтті шарада сөз бастаған Р.Кенжеханұлы. 

Айта кетейік, бұл стратегиялық бизнес әдебиетін жазуға авторлар 15 жылын арнаған көрінеді. Негізгі ойы – жойқын бәсекелестік заманы (“ала мұхит”) артта қалды, оның орнына бұған дейін болмаған жаңа нарық кеңістігін құру (“көк мұхит”) идеясы алға шықты.
Туынды бәсекелестікке жұмсайтын үлкен күшті жаңа идеяларды жүзеге асыруға бағыттауды насихаттайды.

Түрлі 30 салада қолданылған әрі сәтті жүзеге асырылған 150 стратегияны мысалға ала отырып, жетістікке жету құпиясына үңіледі, бәсекенің маңызын төмендетіп, жаңа “көк мұхиттарды” ашу, табу қағидаларын ұсынады.

Кітапты қазақ тіліне аударуға YPO Kazakhstan ұйымының мүшесі, меценат, кәсіпкер Алмаз Тультаев демеушілік көрсеткен. Ол еліміздегі “Өркен ниет”, “Аналар үйі” қоғамдық қорларының жұмысын алға жылжытып, IQanat қорының қамқоршысы ретінде сапалы білім беру, жас мұғалімдерді даярлау жобаларын дамытуға үлес қосып келеді. 

Еске сала кетейік,  YPO Kazakhstan ұйымы бизнес саласының үздік кітаптарын қазақшалауды бұдан кейін де тұрақты түрде жалғастыратын болады. 

Жиын соңына қарай шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, естелік суретке түсті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда биыл шаршы метрі 220 мың теңгеден 800 пәтер беріледі
Бүгін, 11:30

Түркістанда биыл шаршы метрі 220 мың теңгеден 800 пәтер беріледі

Салынып жатқан үйлердің құрлысы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған
Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →