×

15 шілдеден бастап A-Parking қызметін тоқтатты

Алайда бұл жаңалық бүгін, 20 шілде күні ғана белгілі болды

15 шілдеден бастап A-Parking қызметін тоқтатты
Tengrinews.kz

Almaty Parking компаниясы тротуар типті қалалық ақылы автотұрақтарды басқаруды тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Компанияның хабарлауынша, A-Parking 2023 жылдың 15 шілдесінен бастап ақылы автотұрақтарға қызмет көрсетуді тоқтатты. Алайда бұл жаңалық бүгін, 20 шілде күні ғана белгілі болды.

"Төлем тоқтатылды", – делінген A-Parking компаниясының Facebook-тегі жазбасында.

Компания автотұрақтарға қызмет көрсету бойынша барлық өкілеттіктер Алматы әкімдігіне берілгенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта тротуарлар тұрақтарында бұрын компанияның басқаруында болған автотұрақ үшін төлем алынбайды. Қазіргі уақытта Алматы қалалық мобильділік басқармасы жаңа бірыңғай оператор құру рәсімдерін аяқтап жатыр, ол жақын арада ақылы тротуарлар тұрақтарына қызмет көрсетуді бастайды”, – делінген A-Parking компаниясының жазбасында.

2022 жылдың 14 сәуірінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген "Алматы тұрақтары" (A-Parking) жобасының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны белгілі болды.

25 сәуірден бастап ақылы автотұрақтар Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қайтарылды, ал 2022 жылдың желтоқсанында бірыңғай ақылы автотұрақ операторы – "Алматы паркинг" мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды
26.04.2024ж. 17:05

Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр
АҚШ басылымы сотта көрсетілген жантүршігерлік кадрларды сипаттаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →