×

Зайытов Қазақстанда ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек деп есептейді

Зайытовтың пікірінше, шығындарды қысқартып, айлықты көтеруге болады

Зайытов Қазақстанда ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек деп есептейді
t.me/mazhilis_kz

Зайытов Қазақстанда ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек деп есептейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер Ринат Зайытовтан «ең төменгі жалақыны қанша болуы керек ойлайсыз?» деп сұрады.

«Президент әр жолдау сайын кедейлікпен күресу керек деді. Жаңағы менің келтірген мысалым – сіңірі шыққан кедей отбасы болып министрліктің санағында есептелмейді. Орташа табысы бар отбасы кәдімгі. Ал кедейлік шегінен төмен тұратын отбасылардың жағдайы не болады? Басқасы не болып жатыр? Өткен жолы осы мәселені Светлана Жақыпованың (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі) алдында да көтердім», - дейді ол.


Зайытовтың пікірінше, шығындарды қысқартып, айлықты көтеруге болады. 


«Ең төменгі айлық 300 мың теңге болуы керек. Ұлттық компаниялардың басшылары, орынбасарлары жылына қанша сыйақы алатынын білесіз бе? Жүздеген миллион. Шығындарды қысқартып, айлықты көтеруге болады», - дейді депутат.

Еске сала кетейік, Мәжілісте 2027-2026 жылдарға жоспарланған бюджет жобасы талқыланып жатыр 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →