×

Ескерту және кешірім сұрау: блогер Құзайыров Риддердегі жағдайға байланысты үндеу жариялады

Блогер қозғалған қылмыстың істен кейін қоғам өзіне қолдау зор болғанын айтады

Ескерту және кешірім сұрау: блогер Құзайыров Риддердегі жағдайға байланысты үндеу жариялады
Видеодан кадр

Риддерде мемлекеттік қызметкерлерден қазақ тілінде сөйлеуді талап етіп, үстінен қылмыстық іс қозғалған Диас Құзайыров өзінің youtube арнасында үндеу жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Блогер қозғалған қылмыстың істен кейін қоғам өзіне қолдау зор болғанын айтады. Әңгіменің бәрі мемлекеттік құрылымдарда мемлекеттік тілді қолдану мәселесінен туындағанын айтады. Оның сөзінше, осы оқиғадан кейін жасырын телеграм нөмірлері арқылы оған белгісіз адамдар жазып, қоғамда алауыздық туғызуды көздеген. 

«Ондай мүлде қарсымын. Ел тыныштығы керек. Патриот ретінде заңды бәрінен биік қоям. Мемлекеттік тіліміз қашан да дамуы керек деп есептеймін. Оны мемлекеттік қызметкерлер білуі керек. Риддерге «Шаңырақ» мектебінің мәселесі бойынша бардық. Мемлекеттік органдар алдында осы мәселені көтеру мемлекеттік тілде сөйледік. Сол кезде мемлекеттік қызметкерлердің көбі қазақ тілін білмейтіні анықталды. Соған ызамыз келді. Себебі біз мұндайды басқа еш жерден көрмеппіз», - дейді Құзайыров.


Блогер алдын ала жазылып мемлекеттік органға кіруді ескермегенін, регламентті бұзғанын мойындайды. Күзетші емін-еркін ғимаратқа кіргізгенін айтады. Сол жердегі әйелдердің эмоциямен іс қозғаған болуы мүмкін екенін тұспалдайды.


«Осы істі реттем келеді. Мемлекеттік органдар қызметкерлеріне ыңғайсыздық туғызып, олардың жұмысына кедергі келтіргенім үшін кешірім сұраймын. Олар (әкімдік қызметкерлері) тарапынан дәл сондай адекватты және дәл осындай реакция болар деп үміт етемін. Бәрі Алланың қолында. Ал жазылушылардан алаңдамауды және адамдардың ұлтына назар аудармауды сұраймын, себебі біз бәріміз қай ұлт болсақ та - қазақстандықпыз, - дейді Құзайыров.


Еске сала кетейік, Риддерге барған Диас Құзайыров, Әділжан Абдіғалиев пен Әділ Юсуповтың қаладағы жалғыз қазақ мекттебі «Шаңырақтың» мәселесін көтерген. БАҚ-тың жазуынша, Риддер әкімдігінің төрт қызметкері олардың үстінен арыз жазған. Бұл ақпаратты үкіметтің баспасөз орталығында Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев растап, іс бойынша филологиялық сараптама тағайындалғанын хабарлаған еді.

Ал депутат Ермұрат Бапи Диас Құзайыровты қолдау жөнінде бүгін бір топ депутат арнайы мәлімдеме қабылдағанын, мәтіні бүгін жарияланатынын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды
26.04.2024ж. 17:05

Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр
АҚШ басылымы сотта көрсетілген жантүршігерлік кадрларды сипаттаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →