×

Алматы облысында 40 мың доза мефедрон жасырған азамат ұсталды

Есірткінің болжамды құны 150 миллион теңгеден асады

Алматы облысында 40 мың доза мефедрон жасырған азамат ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҰҚК мәліметінше, 2004 жылы 6 ақпанда Алматы маңындағы жеке үйлердің бірінде есірткі зертханасының ұйымдастырушысы ұсталды. Ол психотроптық заттарды дайындау барысында қылмыс үстінде ұсталды.

Күдікті 1995 жылы туған Қазақстан азаматы болып шықты. Тінту кезінде одан 8 келіден астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ оларды дайындауға арналған құрамдас бөліктер мен жабдықтар тәркіленді. Тәркіленген есірткі көлемі шамамен 40 мың бір реттік дозаға тең.

Анықталған есірткінің алдын ала болжамды құны 150 миллион теңгеден асады.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды және соның аналогтарын сату, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Таза Қазақстан: 40 мыңға жуық ақтөбелік сенбіліктерге қатысты
Бүгін, 13:58

Таза Қазақстан: 40 мыңға жуық ақтөбелік сенбіліктерге қатысты

Барлығы 680 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды
Бұл бастама «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып отыр
Акцияға 2 800 адам қатысты, 41 бірлік техника тартылып, 101 тонна қоқыс шығарылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →