×

Боранды түнде жаяу жеткен: Жедел жәрдем қызметкерлері аяғы ауыр келіншекті босандырып алды

Қызметкерлер шұғыл үй жағдайында жүкті әйелді ұялы телефонның жарығымен босандырып алды

Боранды түнде жаяу жеткен: Жедел жәрдем қызметкерлері аяғы ауыр келіншекті босандырып алды
Фото: Түркістан облысының баспасөз қызметі

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы "жедел жәрдем" қызметкерлері боранды түнде шақыртуға жаяу жетіп, аяғы ауыр келіншекті босандырып алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, қар бораған түнде шақыртуға барған "103" қызметкерлері шақырған мекенжайға көлікпен жете алмай, жарты жолда жаяулатады. Қолайсыз ауа райынан шақыртуға барған үйде жарық болмаған. Медицина мамандары толғағы қысқан әйелді перзентханаға уақытылы жеткізе алмайтынын түсініп, шұғыл үй жағдайында жүкті әйелді ұялы телефонның жарығымен босандырып алды.

Босанған әйел мен бала Ленгір қалалық ауруханасына жеткізілген. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында бала мен ананың өміріне қауіп төнген жоқ.

Айта кетейік, боранды түнде шақыртуға барған Төлеби аудандық №12 "жедел жәрдем" бекетінің қызметкерлері – Ербол Сартаев, Алтаев Асан, Пернебек Нұржан. Осылайша "103" қызметкерлері қолайсыз ауа райына қарамастан, науқастарға шұғыл көмек көрсете білді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр
Кеше, 18:06

Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр

Төленге қарсы «алаяқтық» бабы бойынша арыз түсірген.
Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған.
Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →