×

Күршім ауылындағы орталық саябақ кешенді жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылды

Саябақты жөндеу жұмыстары өткен жылдың соңында аяқталған

Күршім ауылындағы орталық саябақ кешенді жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылды
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кешенді жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылған бұл саябақ бүлдіршіндерге Халықаралық балаларды қорғау күніне бағалы тарту болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа саябақтың ішінде ойын алаңқайы, футбол және баскетбол алаңдары, тіпті шахмат үстелдері де бар.

Шығыс өңіріне жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Ринат Заитов пен Мақсат Толықбай күршімдіктердің қуанышына куә болып, мерекесін жаңа саябақта атап өтіп жатқан бүлдіршіндерге жылы лебіздерін арнады.

– Балалардың күлкісі үзілмесін! Олардың әрбір күні бүгінгідей шуақты болса екен дейміз. Ел ертеңі жарқын болсын! – деді Мәжіліс депутаты Ринат Заитов.

Айта кетейік, саябақты жөндеу жұмыстары  өткен жылдың соңында аяқталған. Тиісті құжаттама реттелгеннен кейін саябақ пайдалануға берілді. 

Көктемде бақ ішіне тал егілді. Жөндеу жұмыстары аясында гүлзарлар дайындалды, бүгінге дейін көгалдандыру жұмыстары толық жүргізілді. Саябақ ішіндегі жолдар жөнделіп, жарық тартылған. Қоршау да жаңартылды. Балалар мен жасөспірімдерге қажетті жабдықтар орнатылған. Сонымен қатар саябақ ішінде бұқаралық іш-шараларды өткізуге арналған арнайы орын бар. Балалар мерекесі де сол жерде атап өтілді.

Салтанатты түрде қызыл лентаны қиған мәдениет саласының ардагері Шәкерхан Тойбаев балаларды және жергілікті халықты құттықтай келе атқарылған жұмысқа жоғары баға берді.

– Балалардың уақытын тиімді өткізуіне, жастардың спортпен шұғылданып шыңдалуына, үлкендердің серуендеп сейіл құруына да ыңғайлы орын болды. Бұл енді ауылдықтардың сүйікті демалыс орнына айналады, – деді ауыл ақсақалы.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Динара Закиева бойдақ ер адамдардың бала асырап алуы туралы шешімге қарсы шықты
Бүгін, 09:35

Динара Закиева бойдақ ер адамдардың бала асырап алуы туралы шешімге қарсы шықты

Зәкиева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық тетіктерін қарастыру қажет деп санайды
Мәйіттік донордың ағзасын алуға туыстары заңды түрде рұқсат берген
Оңтүстік Корея елінде жұмыс істейтін жастар азайған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →