×

Түркістан облысында 3 миллионнан астам амбулаторлық көмек көрсетілді

Өңірдегі барлық медициналық мекемеге – 2 060 903 адам тіркелген

Түркістан облысында 3 миллионнан астам амбулаторлық көмек көрсетілді
Фото: ашық дереккөзден

Биыл Түркістан облысында 3 миллионнан астам амбулаторлық көмек көрсетілген. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына 45 мемлекеттік мекеме, 756 ұйым (8 облыстық аурухана, 2 балалар ауруханасы, 3 қалалық аурухана, 17 орталық аудандық аурухана және аудандық аурухана, 5 оңалту орталығы, 4 емхана, 6 басқа мекемелер) және 130 жеке меншік мекемелер, оның ішінде 36 емхана мекемелері кіреді. Барлық  медициналық мекемеге – 2 060 903 адам тіркелген, оның ішінде жеке меншікке  - 340 мың (16%). Медициналық ұйымдарда – 35 714,75  штаттық бірлікте қызметкерлер жұмыс істейді», - дейді Бауыржан Сатыбалды.

Оның айтуынша, дәрігерлер – 5 977,25, орта медицина қызметкерлері – 17 137,25, педаготар – 209, басқалары – 12 391,25. 

«Биылғы жылдың 6 айына облыс халқына 19 307 002клиникалық-диагностикалық қызметтер, 375 063 жедел жәрдем шақыртулары, 1594 санавиация шақыртулары жүргізілді. Үш миллионнан астамамбулаторлық көмек көрсетілді. 200 мыңнан астам стационарлық медициналық көмек көрсетілген, оның ішінде оталар саны 18 693», - дейді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Сонымен қатар 2024 жылғы 1 қаңтардан 30 маусым дейінгі кезеңде жергілікті бюджеттен амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпен 188 науқасқа көрсетілді, оның ішінде 83 науқас 18 жасқа дейінгі балалар.

«Мамандардың біліктілігін арттыру бойынша Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы мен «Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық медициналық университеті» арасында жасалған  2024 жылғы  27 мамырдағы №1 келісім шартқа сәйкес, 2024 жылғы  16-29 маусым аралығында, Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласында  24 дәрігер біліктілігін арттыру курсынан өтті», - дейді дейді Бауыржан Сатыбалды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жұбайы мен екі баласы қалды. Тікұшақ апатынан қаза тапқан адамның кім екені анықталды
Бүгін, 18:12

Жұбайы мен екі баласы қалды. Тікұшақ апатынан қаза тапқан адамның кім екені анықталды

. Қайтыс болған офицердің отбасы мен зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілмек
Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдарда көру мүмкіндігі төмендейді
Депутат Қасымбаевпен алыс туыс екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →