×

Түркістан облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы расталған 8 жағдай тіркелді

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының негізгі клиникалық белгілері ош-инкубациялық кезең деп отыр

Түркістан облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы расталған 8 жағдай тіркелді

Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар және туреркулезі эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Қайрат Серік өңірдегі Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының таралу қауіпі туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті, жұқпалы ауру. Науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбесе өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін. ДДҰ мәліметіне сәйкес, 2023 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен 3598 адам ауырып оның 282-сі қайтыс болған. Қазақстан Республикасы бойынша соңғы 10 жылда ретроспективті талдаулар жасалды.  2014-2023 жылдар аралығында  215 адам ауырып, оның 43-і өліммен аяқталған. 2023 жылы облысымызда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан 13 науқас тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 0,60 пайызды құрады. Биылғы жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы расталған 8 жағдай тіркеліп, қазіргі таңда 6 науқас ауруханадан айығып шықты. Екі науқас ауруханада ем қабылдауда», - дейді Қайрат Серік.

 Ол Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының негізгі клиникалық белгілері ош-инкубациялық кезең деп отыр. Яғни ауру қоздырғышын жұқтырғаннан аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі мерзім 14 күнге дейін созылады.  

«Аурудың алғашқы белгілері дене қызуы кенеттен 38 және де одан да жоғары көтерілуі, қатты бас ауруы, көздің қызаруы, бет,мойын, арқа, белдің ауырсынуы, құсу немесе іш ауруы, іш өтуі. Ауру одан әрі дамыған жағдайда денеде бөртпелердің пайда болуы, мұрыннан және қызыл иектен, жатырдан, асқазаннан қан кету және қанталау белгілерінің байқалуымен сипатталады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы қалай жұғады? Негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасымалдаушы ол-кене сонымен қатар үй жануарларының ағзасында да ауру қоздырғыштары болады. Адамның ауруды жұқтырады егер кенемен жанасса, кене шаққан жағдайларда және қанында вирусы бар жануарларды сою кезінде. Сондай-ақ науқас адамға күтім жасау кезінде қанмен және ағза денелерімен ластанған медициналық құралдармен байланыс арқылы жұғуы мүмкін. Алдын-алу жолдары бұл табиғи ошақты аумағында орналасқан елді мекендерде жануарлар мер қоражайлар,үй жайлар ауласы мен демалыс аймақтарын кенеге қарсы зарарсыздандыру, малдарды күтіп қарағанда қырқым кезінде, жануарларды сою немесе етін бөлшектеуде кенелердің шағуынан және қанмен жанасты болдырмау мақсатында жеке қорғану үшін арнайы киім кию қажет», - дейді бөлім басшысы. 

Ол қалпақты комбинезонды, шалбардың балағының ішіне салу қажет, жақсы қорғалатын аяқ-киім және бас киім, резеңкелі қолғап кию керек деп отыр. 

«Бұл ретте облыс тұрғындарының назарына облыс аумағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы табиғи ошақты қолайсыз аймақтар қатарына жататыны өздеріңізге белгілі. Биылғы жылы есепке енгізілген 111 қолайсыз елді мекендердің аумағында кенеге қарсы дезинфекция жұмыстары жалпы көлемде 77 304 845 шаршы метр залалсыздандыру жұмыстары жүргізілу жоспарланған. Қазіргі таңда 29 шілдеден 20 тамыз аралығында екінші кезеңге өңдеу науқаны басталып жүргізілуде. Жыл сайын көктем және күз айларында қолайсыз елді мекендердің санитарлық қорғау аймақтарында және ауыл шаруашылық малдар арасында кенеге қарсы бүрку, тоғыту және қоражайлар мен буферлік аймақтарды мал шоғырланатын егін суаттар, бұталарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі», - дейді санитарлық бөлім басшысы.

Ол қазіргі таңда ауыл шаруашылық малдары мен қоражайлар, буферлік аймақтарда 20 шілде мен 15 қыркүйек аралығында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде деп отыр.

 «Осыған орай, ауыл шаруашылық малдары бар азаматтар залалсыздандыру жұмыстарына дейін қоражайларда қи мен көңмен механикалық жолмен тазартып, науқан кезеңдерінде ауыл шаруашылық малдарын залалсыздандыру жұмыстарымен қамтылуына атсалысу қажет. Конго-Қырым геморрагиялық қыздасы ауруынан сақтану жолдары табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті, жақсы қорғалатын резеңкелі, жеңі ұзын көйлек кию қажет. Денеге кененің жабысқанын тексеру үшін өзіңіз және өзіңізге байқалмайтын орындарда яғни мойын, бастың шаш бөлігі және дененің артқы бөліктерін бір-біріңіздің үстеріңізді мұқият қарап отыру қажет. Кене шаққан немесе кенемен жанасты болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымғс қаралыңыз және 14 күн бойы медициналық бақылауда болуыңыз қажет. Өз денсаулықтарыңыз өздеріңіздің қолдарыңызда», - дейді Қайрат Серік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл жерде тек бөбектер үйі туралы айтылып отыр
Іште жатқанда пайда болған кемістік салдарынан науқастың табаны зақымданған
Оның өнерін көрген оқырмандар ыстық ықыластарын білдіріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →