×

МӘМС бойынша Сайрам ауданында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар үлкен проблемаға айналып отыр

МӘМС бойынша Сайрам ауданында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Фото: Freepik

Түркістан облысы Сайрам ауданында МӘМС жүйесін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Бақыт Исмаханбетов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар үлкен проблемаға айналып отыр. Сол себепті мемлекетеміз отбасының цифрлы картасы деген үлкен мемлекеттік ақпараттық жүйе өмірге алып келді. Бұл жүйенің жіктеуі бойынша республика халқы 5  санатқа бөлінеді. Бес санаттың соңғы екі санаты әсіресе Е санаты (Экстренный санат) және Д санаты (Дағдарыстық санат) осы екі санаттағы азаматтардың сақтандырылмау деңгейін арнайы қарайды. Республикада үлкен жобалық кеңсе құрылған. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бұл жұмысты басқарып үйлестіреді. Облыстық деңгейде де, қала, аудан деңгейлерінде арнайы штабтар құрылған. Сол штабтардың жұмыстарын жандандыру үшін біз өзіміз ақпараттық түсіндіру жұмысымен Сайрам ауданына келдік. Әрине Сайрам ауданы Республика көлемінде болсын облыс көлемінде де ерекше аудан. Республика бойынша екінші көлемі жағынан екінші орын алады. Халық саны бойынша Түркістан облысында бірінші орында. Жұмыста осы ауданнан бастап жатырмыз», - дейді Бақыт Исмаханбетов.

Оның айтуынша, МӘМС жүйеге арту бойынша жұмыс тобының жұмысын ширату, үйлестіру жұмыстарын қою. Сондай мәселелерді күшейту туралы жақсы келелі әңгіме болды деп отыр. 

«Сол әңгімені халықтың алдында айттық. Акиматтың жауапты тұлғалары бар денсаулық сақтау саласының сол жұмысты ширатуды бірінші орынға қойып отырмыз. Сайрам ауданында жалпы 200 мыңнан астам халық тұратын болса соның 50 мыңға тарта азаматтары МӘМС жүйесіне тартылмаған. Халық ойлауы мүмкін азаматтар жарна төлеуге шамасы келмей отыр деп. Олай емес, отбасылық цифр карталары мәліметтеріне біз қарап отырмыз сол бойынша сақтандырылмаған азаматтардың үштен екісі толығымен жарна төлеп МӘМС жүйесіне кіруге мүмкіндігі жетеді. 2025 жылдан бастап облыс бюджеттерінің есебіне жоғарыда айтылған сақтандырылмаған азаматтардың Д,Е отбаслық жағдайда тұрғандарды бюджеттен жарна төлеу туралы мәселе көтеріліп жатыр. Облыс әкімі өз тарапынан азаматтардың ар-жігін ажыратып төлей алатын азаматтар болса жарыққа шығарып шын мәнінде төлей алмайтын, аз қамтылған азаматтарға ғана  жергілікті бюджеттен ақша төленуі керек», - дейді филиал директоры.

Оның айтуынша, қазіргі таңда біздің статистика нашарлау болып тұр. 86 пайыздан әрі қарай өте алмай тұрмыз. Сондықтан бұны ширату үлкен мәселе болып тұр. Енді аудандарды ары қарай аралау жалғаса береді. Әлеумтеттік мәселелерді барынша шешуге барынша өз үлесімізді қосамыз деп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →