×

«Капотында полицей жабысып жатыр»: Алматыда көлік қозғалысының ерекше кадры қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желі қолданушылары бейнеде полицияның қуғыны бейнеленген деп болжады

«Капотында полицей жабысып жатыр»: Алматыда көлік қозғалысының ерекше кадры қызу талқыға түсті
Видеодан скриншот

Қазнетте Алматыда куәгерлер түсірген бейнеролик тарап кетті. Онда полиция қызметкері Гелендвагеннің капотында жатып, көлік жүріп кеткен. Осы кезде оның артынан полиция патрульдік көлігі қуалай кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz

Әлеуметтік желі қолданушылары бейнеде полицияның қуғыны бейнеленген деп болжады. 

«Ерекше ештеңе жоқ. Алматыдағы әдеттегі кештің бірі», - деп жазады автор әзілмен.

CMN.KZ редакциясы мәліметтерді білу үшін қалалық полиция департаментіне хабарласыпты. Департамент "бұл фильм" деген.

Келесі жылдың көктемінде шығатын көркем фильмнің үзіндісі болып шықты.

"Бейнеролик наурыздағы кинотеатрларда шығатын толықметражды көркем фильмнің түсірілімі аясында түсірілді.

Барлық әрекеттер мен трюктерді кәсіби каскадерлер орындайды. Түсірілім кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Өндіріс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түсірілім процесі Алматы ПД-мен келісілді" - деп хабарлаған киностудия.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
Бүгін, 00:22

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →