«Семей» өз тарихында алғаш рет Қазақстан кубогына ие болды.
Талдықорғанда футзалдан Қазақстан кубогының финалы өтті. Биылғы маусымның шешуші ойынында «Семей» мен «Қайрат» кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Финал ірі есеппен аяқталды. Қызық болғанда «Қайрат» жеңіліп қалды. Әйтпесе, Алматы клубы жылда жеңгеніне жанкүйерлер үйреніп қалған. «Семей» сапынан Кайо Торрес дубль жасаса, Дедезиньо, Кандидо және Дәрібай бір-бір голдан соқты. «Қайраттың» қатарынан тек Денер бір доппен жауап қайтарды. Қорытынды есеп – 5:1.
«Семей» өз тарихында алғаш рет Қазақстан кубогына ие болды.
Қазақстан кубогы 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Содан бері «Қайрат» 19 мәрте кубокты төбесіне көтерсе, олардан басқа қарағандылық «Тұлпар», ақтаулық «Мұнайшы», «Ақтөбе» және өзге клубтар жеңімпаз болды.
Команданы осы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Семей футзалы үшін тарихи сәт. 2023 жылы ғана құрылған клуб осындай жоғары жетістікке жетіп, бәрімізді қуантты.
Футболшылар мен бапкерлер құрамы Семей қазақ футболының алтын бесігі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер. Біз өздеріңізбен мақтанамыз!- деді ойыннан кейін Абай облысының әкімі Берік Уәли.