×

Түркияда демалып жатқан Рыбакина Олимпиададан бас тартты

Қазақстандық теннисшінің орнына өзге спортшы қатысады

Түркияда демалып жатқан Рыбакина Олимпиададан бас тартты
Qaz365.kz коллажы

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Париж олимпиадасына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олимпиаданың ресми сайтында Рыбакина жеке және аралас жұптық жекпе-жектен шеттетілді. Қазақстандық теннисшінің орнына аустралиялық Дария Сэвил қатысады.

Еске салайық, Елена Рыбакинаның соңғы турнирі Уимблдон болды, онда ол жартылай финалға шығып, сенсациялық түрде чех теннисшісі Барбора Крейчиковадан (әлемнің 10-ракеткасы) жеңіліп қалды - 6:3, 3:6, 4:6.

Бұған дейін Рыбакина Түркияда демалып жатқан фотосы тараған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Танымал қазақ боксшылары өз таңдауларын жасады
Бүгін, 10:31

Танымал қазақ боксшылары өз таңдауларын жасады

Дайындық барысында ұлттық құрама мүшелері ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан да тыс қалған жоқ
Стадион UEFA IV санатына сай салынып, халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік бермек
Жас спортшылардың дайындығы мен техникалық деңгейі жоғары болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →