Алматыда заң бұзған Африка құрлығының 19 азаматы еліне қайтарылды

Qaz365.kz редакциясы

Әуе тасымалы қала әкімдігінің көмегімен ұйымдастырылды

Фото: polisia.kz

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған Африка құрлығының 19 азаматы еліне қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған шетелдіктер елде болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған, атап айтқанда, заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот шешімімен мемлекетімізден шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

«Әуе тасымалы қала әкімдігінің көмегімен ұйымдастырылды. Ол бірнеше кезеңде өтеді. Африкадан келген заңсыз келімсектердің кезекті легін қаңтар айының соңына дейін жөнелту жоспарланған», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.