Сәтбаев қаласының әкімі ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Антикор ақпаратты растады

Фото: ашық дереккөзден

Сәтбаев қаласының әкімі ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев әкімі ҚР ҚК-ның 366-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды», – делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Айта кетейік, Шапағат Әубәкір өткен жылдың 19 қаңтарында Сәтбаев қаласының әкімі болып тағайындалған.