Қайсар Алпысбай каратэден Азия ойындарының чемпионы атанды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл Қазақстанның тоғызыншы алтыны

Сали Сабыров

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қайсар Алпысбай каратэден чемпион атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

60 келіде ел намысын қорғаған Қайсар финалда Кувейт елінің спортшысы Абдулла Шаабахты жеңіп, ел қоржынына тоғызыншы алтын жүлдені салды. 

Қазақстан 9 алтын, 16 күміс, 40 қоламен 11-орыннан 10-орынға көтерілді.