×

«Даналық пен тұрақты даму – егіз ұғым»: Алматыда Орталық Азияның SDG көшбасшыларын марапаттады

Аталған шара Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отыр

«Даналық пен тұрақты даму – егіз ұғым»: Алматыда Орталық Азияның SDG көшбасшыларын марапаттады
Фотода: БҰҰ-ның Қазақстандағы координаторы Микаэла Фриберг-Стори

8 шілде Алматыда SDG Pioneers сыйлығын марапаттау рәсімі өтті. Сыйлық БҰҰ-ның жаһандық шарты аясында тұрақты даму мен ғаламдық мәселелерді шешумен айналысатын бизнес өкілдері үшін тағайындалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

SDG Pioneers (Sustainable Development Goals Pioneers) сыйлығын марапаттау рәсімі тоғыз жылдан бері өткізіліп келеді. Ал Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл маңызды шарада өз кәсібінде тұрақты даму қағидаттарын берік ұстанатын үздік бизнес өкілдері бас қосты.

“Қазақстан әркез тұрақтылық пен жаңа инновациялардың елі саналып келеді. Бүгін біз осы маңызды қағидаларды ұстана отырып, үлкен өзгерістер жасап жүрген азаматтарды марапаттаймыз. Бұл ТДМ ізбасарлары бізге тұрақты даму тек алыстағы арман емес, қол жеткізуге болатын айқын мақсат екеніне көз жеткізді”, – деді БҰҰ-ның Қазақстандағы координаторы Микаэла Фриберг-Стори.

Жиында өңірде тұрақты даму мақсаттарына сай қызмет етіп жүрген ірі бизнес бағытындағы жеті финалист компания аталды. Олар: Halyk.kz, «AITAS KZ» АҚ, ЦентрКредит Банкі, Home Credit Bank, SOLVA, "ҚазАзот" АҚ және қырғызстандық OJSC «Eldik Bank».

“Біз тұрақты даму мақсаттарын ұстана отырып, таза су мен ауа, гендерлік теңдік, сапалы инфрақұрылыммен қатар, бәріне қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін құрамыз. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін, әділ мемлекеттік институттардың қалыптасуына жол саламыз. Бұған жету үшін қазірдің өзінде еліміздегі қаржы жүйесі, ауылдық аймақтар, білім беру мен денсаулық сақтаудың тұрақты дамуы үшін еңбек етіп жүрген мемлекет пен бизнес өзара белсенді жұмыс жасауы тиіс”, – деді БҰҰ Жаһандық шартының қазақстандық менеджері Динара Сейтжаппарова.

«AITAS KZ» акционерлік қоғамы – финалистер арасындағы жалғыз ауылшаруашылық холдингі. Компания отандық азық-түлік өнеркәсібі және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына үлес қосқаны үшін марапат биігінен көрінді. Өйткені ол кәсіби миссиясында тұрақты даму принциптерін берік ұстанып келеді.

“Біз холдинг ішінде өзіміз үшін қабылдаған мета құндылықтар бар. Олардың бірі – даналық. Мен үшін даналық пен тұрақты даму – бір-бірімен егіз ұғым. Адам жерге тал еккен кезде оның болашақ ұрпақтарына жеміс беретінін алдын-ала болжайды, өз әрекетінің маңызын тереңінен түсінеді. Даналық деген де – осы. Сондықтан тұрақты даму мақсаттары – біздің холдинг философиясының басты бөлігі", – деді «AITAS KZ» АҚ негізін қалаушы Серік Толықпаев. 

Серік Толықпаев

SDG Pioneers байқауы бүкіл аймақта ТДМ-ға қол жеткізудің үздік үлгісін көрсетіп жүрген бизнес өкілдерінің еңбегін насихаттау мақсатында өткізіледі. AITAS сияқты компаниялардың марапатқа ие болуы тұрақты даму тек сәндік тренд ғана емес, экономика мен қоғам, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарайтын болашақ үшін маңызды қадам екенін дәлелдейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Мәжіліске келіп түскен жобада ставкаларды саралау көзделеді
Қазақстандағы халқы ең көп облыста өндірістің түр-түрін таңдап, дөңгелетіп әкеткендер баршылық
Қазақстанда венчурлік капиталды дамыту қаншалықты тиімді?

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →