×

Литвада Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аталып өтті

Кеште Әуезовтың әлемдік әдебиеттің жауһарын жасау тарихы туралы презентация көрсетілді

Литвада Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аталып өтті
Gov.kz

А.Мицкевич атындағы Вильнюс облыстық кітапханасында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған салтанатты кеші және литва тілінде қайта басылған “Абай жолы” роман-эпопеясының презентациясы өтті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық дипломаттар Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы, ақын-ойшыл Абай Құнанбаевтың өмірі туралы баяндайтын әлемдік әдебиеттің жауһарын жасау тарихы туралы айтып берді. 

Онлайн режимге қатысқан Мұтар Әуезовтің немересі, арабтанушы Зифа-Алуа Әуезова литвалықтардың өскелең ұрпағы енді қазақтың ұлы жазушысының мұрасын ана тілінде тануға мүмкіндік бергені үшін ҚР Елшілігі мен “Жара” баспасына алғыс білдірді.

“М.Әуезовтің литва тіліндегі “Абай жолы” қайта басылып шыққан роман-эпопеясының және Әнуар Әлімжановтың “Ұстаздың оралуы” повесінің тұңғыш тұсаукесері 2020 жылдың 14 желтоқсанында пандемия жағдайында онлайн режимде өтті. Жарық көрген кітаптар Литваның барлық облыстық және басқа да ірі кітапханаларына сыйға тартылатын болады”, – деді ұйымдастырушылар.

А.Мицкевич атындағы Вильнюс облыстық кітапханасының директоры Эмилия Банионите “Абай жолы” романының жаңа басылымы 2020 жылы елордалық кітапхана қабырғасында ашылған Абай Құнанбайұлы атындағы оқу залының інжу-маржанына айналатынын атап өтті.

Литвалық баспагер Айдас Жандарис “Абай жолы” романының қайта басылу тарихын еске ала отырып, көрнекті қазақстандық суретші Евгений Сидоркиннің ұлы Вадим Сидоркинге 1960 жылы романның бірінші басылымына арнайы дайындалған әйгілі графиканың түпнұсқа иллюстрацияларын кітапта пайдалану мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтты.

Іс-шара аясында Абай өлеңдеріне, оның ішінде литва тіліне аударылған музыкалық шығармалар орындалды.

Сондай-ақ елшілік дипломаттары қонақтарға биыл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде мерейтойлары тойланып жатқан қазақ халқының екі көрнекті өкілі – Ахмет Байтұрсынов пен Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді.

Кеш соңында қонақтар қазақ әдебиеті, мәдениеті және халқымыздың тарихы туралы көбірек білуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 млрд теңгеден астам касса жинаған «Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі байқауда үздік атанды
Кеше, 18:05

1 млрд теңгеден астам касса жинаған «Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі байқауда үздік атанды

2023 жылдың қыркүйегінде фильм қазақстандық прокатқа шықты
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат
Бұған дейін әншілерден ең көп қаржыны Димаш Құдайберген аударған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →