×

Белгілі кәсіпкер "Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің режиссеріне көлік мінгізді

Марат Есжан бұл сыйлықтың өзі үшін тосынсый болғанын айтты

Белгілі кәсіпкер "Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің режиссеріне көлік мінгізді
Видеодан кадр

Қалың қазақтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілікті оятып, көрерменнің көңіліне жол тапқан «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің режиссері Мұрат Есжанға автокөлік сыйға тартты. Бұл туралы Facebook парақшасында Бурахан Даканов жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елдің жүрегін жаулаған фильмді түсірген жанға осындай бағалы сыйлықты белгілі кәсіпкер, меценат Сырымбек Тау сыйға тартты.

Автокөлік кілттерін тапсыру жаңа кеңсенің ашылу салтанатында өтті.

«Бұл қазақстандық қоғамды кинозалдарда біріктірген тұңғыш фильм болды. Отандық картина көрермендердің жүрегіне жетті. Мұндай фильм режиссерінің еңбегі қандай құрметке де лайық, сол себепті ел жанашырына алғыс ретінде біз оған автокөлік сыйлауды ұйғардық», – деп атап өтті Сырымбек Тау.

Марат Есжанның өзі Qaz365.kz тілшісіне бұл сыйлықтың өзі үшін тосынсый болғанын айтты.

«Мен бұлай болады деп  күткен жоқпын. Шын мәнінде, мені компанияның жаңа кеңсесінің ашылу салтанатына шақырған еді. Бірақ осындай сыйлық ұсынып жатыр. Шынайы ықылас-ниеттеріне алғыстан басқа айтарым жоқ», – деді режиссер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әлемдік кино жұлдызы қазақ тілінде сөйлеп, Алматыға келетінін мәлімдеді
Бүгін, 14:28

Әлемдік кино жұлдызы қазақ тілінде сөйлеп, Алматыға келетінін мәлімдеді

Әртіс бұл жайында әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады
Бұл мереке қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндескен
Енді фильм авторлары бұл қаржыға аннимациялық мультфильм түсіріп жатыр екен.
Мәдениет және өнер қайраткері 79 жасқа қараған шағында бақилық болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →