×

Астана төрінде Мұхтар Әуезовтің ескерткіші ашылды

Еңселі ескерткіш Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының алдындағы алаңда орнатылды

Астана төрінде Мұхтар Әуезовтің ескерткіші ашылды
Астана қаласының әкімдігі

Астана төрінде қазақ руханиятының алыбы Мұхтар Әуезовтің ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, жазушының ұрпақтары, сондай-ақ зиялы қауым мен белгілі ақын-жазушылар қатысты.

Ұлы жазушының ескерткішін Мемлекеттік кеңесші мен жазушының туысы Диар Қонаев ашты.

Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді.

Еңселі ескерткіш Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының алдындағы алаңда орнатылды.

Айта кетейік, бүгін – қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі Мұхтар Әуезовтың туған күні. Қаламгер проза мен драматургия жанрында шоқтығы биік туындыларын жазып, қазақ әдебиетінің классигіне айналды. 

Әуезов халық аңызы бойынша «Еңлік–Кебек» пьесасын жазды. Бұл шығарма қазақ ұлттық драмасының қарлығашы еді. Кейін «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесі арқылы өзінің жазушылық ерекше дарынын айқын танытты. Бұдан бөлек 1923–1926 жылдары «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу» әңгімелерін жазды. Мұхтар Омарханұлы 15 жыл бойы төрт томдық «Абай жолы» даңқты тарихи роман-эпопеясын жазды. Бұл кітабы 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. Роман 30 тілге аударылып, оқырмандардың ықыласына бөленді. Заңғар жазушы әдебиет саласына сіңірген еңбегі үшін 1957 жылы Ленин орденімен марапатталды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Өмір ағашы мен жұлдызды аспан: Астанада жаңа демалыс орны пайда болды
Кеше, 13:03

Өмір ағашы мен жұлдызды аспан: Астанада жаңа демалыс орны пайда болды

Елордағы көрікті жер Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында, Есіл өзенінің бойында орналасқан
Шараға Түркменстанға ресми сапармен барған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты
Филм өзге кинофестивальдерде бірнеше марапат алып үлгерген
Шараға суретшінің қызы мен немересі қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →