×

Жамбыл облысының 5 мектебі Қазақстанның үздік 100 мектебінің қатарына енді

Оқу-ағарту министрлігі кешенді талдау жүргізіп, анықтады

Жамбыл облысының 5 мектебі Қазақстанның үздік 100 мектебінің қатарына енді
Жамбыл облысының білім басқармасы

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сәлемов Серік Жақсылықұлы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік 100 мектеп» рейтингіне енген аймақтағы 5 мектептің директорларына салтанатты түрде марапаттар табыстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті орта білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді талдау жүргізіп, еліміздегі ең үздік 100 мектепті анықтаған болатын. Нәтижесінде, Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы, И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия, №24 гимназия және Қордай ауданы №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы үздік білім мекемелері атанды.

Салтанатты рәсім барысында Серік Жақсылықұлы үздік мектептердің білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстары, ұжымдардың табандылығы мен кәсіби шеберліктері үшін алғысын білдірді.

Үздік мектептердің директорларына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің арнайы «Үздік мектеп – 2025» сертификаттары мен гүл шоқтары табысталды.

Бұл – облыс мектептерінің республика деңгейінде танылып, білім беру кеңістігінде алдыңғы қатардан көрініп келе жатқанының айқын дәлелі.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Орталық Азия – Қытай» II саммиті: ҚазҰУ-да Алматы Хартиясына қол қойылды
Бүгін, 18:10

«Орталық Азия – Қытай» II саммиті: ҚазҰУ-да Алматы Хартиясына қол қойылды

Форумның мақсаты –  өзекті жаһандық сын-қатерлерді шешуге жәрдемдесу
Курчатов қаласындағы ядролық сынақ полигоны бүгінде ерекше құнды ғылыми база болып табылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →