×

Еліміз Қытайға су шаруашылығы саласында 200 маманды оқуға жібереді

Бүгінге дейін 125 маман Қытайдан оқып келген

Еліміз Қытайға су шаруашылығы саласында 200 маманды оқуға жібереді
Фото әлеуметтік желіден

Қазақстанның Су ресурстары және ирригациялар министрі Нұржан Нұржігітов саланың мәселелерін реттеу үшін Қазақстанның мамандары шетелде оқып келіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің айтуынша, 2024 жылы шілде айында білікті мамандар тапшылығын кешенді шешуге бағытталған мамандандырылған бейінді жоғары оқу орны – Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылған. Ұлттық университетте Венгрияның Корвинус университетімен бірлесіп, «Су ресурстарын басқару, су дипломатиясы» бағыты бойынша магистратура деңгейіндегі қос диплом бағдарламасы енгізілген. Сонымен қатар, университет базасында Су дипломатиясы орталығын құруға арналған Эрасмус Мундус бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 5 миллион еуро (Еуроодақ) көлемінде қаржыландыруға мақұлдау алынған.

«Халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында 2025 жылы су саласының 125 маманы Қытай Халық Республикасында қабылдаушы тараптың есебінен оқудан өтті. 2026 жылы тағы 200 маманды даярлау жоспарланып отыр, бұл отандық тәжірибеге озық шетелдік тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді», - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
5 триллион теңге тәуекелге тігілмек пе: Экс-вице-министр бюджетті аудандарға беруге қарсы шықты
30.04.2026ж. 09:57

5 триллион теңге тәуекелге тігілмек пе: Экс-вице-министр бюджетті аудандарға беруге қарсы шықты

Оның айтуынша, мұндай модель Қазақстанда бұрын да қолданылған және өзінің тиімділігін дәлелдей алмаған
Іс-шараға Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарының өкілдері де қатыст
2025 жылдан 2026 жылдың сәуір айына дейін «Келешек» мектебінде 10 рет тексеру жүргізілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →