×

Маңғыстауда жалған дипломы бар мұғалімдер жұмыстан шығарылды

Ұстаздар аптасына 77 сағат қызметте болған.

Маңғыстауда жалған дипломы бар мұғалімдер жұмыстан шығарылды
Фото:elements.envato.com

Қоғам белсендісі, «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлермен бірлесіп, Маңғыстаудың облысының Мұнайлы ауданындағы №11 мектебіндегі жалған дипломмен жүрген мұғалімдерді анықтаған болатын. Осыған байланысты  Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Тексеру барысында, өкінішке қарай бірнеше адамның жоғары білімі туралы дипломдарының жалғандығы анықталды. Бүгінгі таңда білім басқармасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен (Антикор) бірлескен облыстың білім саласында зерделеу жүргізілуде. Осыған байланысты білім басқармасы аталған мектептің бухгалтериясын қаржылық тексеру жөнінде Антикорға ұсыныс білдірді. Тексеру қорытындысына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады», – деді Динара Жұмашева. 

Ол жалған дипломдарды пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалғанын жеткізді. Сонымен қатар жоғары білім туралы жалған құжаттарын ұсынған оқытушылар жұмыстан шығарылды.

Бұған дейін Дидар Смағұлов №11 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің жұмыс сағатын шамадан тыс жүктемемен көрсеткенін айтқан еді. Мұндағы құжаттарда ұстаздар күніне 15 сағат жұмыс істеген және сол үшін мемлекеттен артық ақша алып отырған. Еңбек кодексінде жұмыс аптасы 40 сағаттан аспауы керек деп белгіленген. Ал бұл мектепте ұстаздар аптасына 77 сағат қызметте болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →