×

Ұлытау облысының мектептеріне 10 автобус сатып алынды

Биыл өңірдегі мектептердің, елді мекендердің қажеттіліктері ескеріліп, арнайы комиссия отырысында сатып алынатын автобустар берілетін білім ұйымдары белгіленген болатын

Ұлытау облысының мектептеріне 10 автобус сатып алынды
ашық дереккөзден

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласындағы №13 жалпы білім беретін мектебі мен Жаңаарқа ауданының Қызылжар жалпы білім беретін мектебіне автобустардың кілтін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Qaz365.kz
Биыл өңірдегі мектептердің, елді мекендердің қажеттіліктері ескеріліп, арнайы комиссия отырысында сатып алынатын автобустар берілетін білім ұйымдары белгіленген болатын. Ол үшін 10 мектеп автобусын сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 462 миллион теңге бөлінді.

«Сонымен қатар 1 қыркүйекке дейін Қаражал қаласының №1,30 мектептеріне, Ұлытау ауданының №6, 1 тірек мектептеріне, Жаңаарқа ауданының №1 мектеп-лицейіне, Сәтбаев қаласының оқушылар сарайына, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатқа, №3 «Білім-инновация» лицей-интернатына автобустар беріледі және кезең-кезеңмен қазіргі мектеп автопарктері жаңартылады», - делінген Ұлытау облысының әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, білім ошақтарына автобустар сатып алу үшін келесі жылы да қаржы бөлінеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада Ұлттық Ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті
06.05.2026ж. 22:17

Қызылордада Ұлттық Ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті

Кейінгі үш жылда ғылымды дамытуға 4 млрд. теңгеге жуық қаражат бағытталды
Қазіргі дамыған заманда ғалымдар қазақ тілін дамыту үшін қандай еңбектер атқарып жатыр?
Оның айтуынша, мұндай модель Қазақстанда бұрын да қолданылған және өзінің тиімділігін дәлелдей алмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →