×

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің 700 студенті диплом алды

Қазіргі уақытта білім ордасындағы грант иегерлерінің саны 7 есеге артты

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің 700 студенті диплом алды
Qaz365.kz

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (ХИТУ) 700 бітіруші түлек диплом алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. 

Білікті мамандар даярлайтын оқу ордасының түлектеріне сәт сапар тілеген университет ректоры Гүлнәр Сәрсенбаева білім ордасының соңғы жылдары жеткен жетістіктеріне кеңінен тоқталды. 

- Халықаралық  инженерлік-технологиялық университеті 2021 жылдан бастап қатарынан екі рет халықаралық стандарттарға сай  аккредитациядан озық дәрежеде өтіп, шетелдік сарапшылардың жоғары кәсіби бағасына ие болды. Сонымен қатар, 2022 жылдың 28 қарашасынан бастап, оқу орнымыз Халықаралық университет мәртебесіне ие болды. Қазіргі уақытта білім ордасындағы грант иегерлерінің саны 7 есеге, ақылы бөлімдегі студенттар саны 5 есеге артты. Халықаралық инженерлік-технологиялық университетін таңдаған «Алтын белгі» иегерлерінің саны бүгінде 50-ге жетсе, Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары 4 есеге өсті. Облыс әкімдері тағайындаған гранттарға ие болғандар саны 100-ден асты. ХИТУ еліміздің 14 өңірінен арман қуып келген жастармен толығады. Білім ордасында аккредиттелген бакалавриаттың 17 білім беру бағдарламасы жұмыс жасайды. Тамақ өнеркәсібі технологиясы, компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы, биохимиялық инженерия, экономика және бизнес саласындағы магистратураның 5 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауда.  2023 жылдың маусымында білім ошағы тәуелсіз халықаралық аккредиттеуден сәтті өтіп, бағдарламалық инженерия, биотехнология және тамақ өнеркәсібі технологиясы бойынша докторантураның 3 білім беру бағдарламасы өз жұмысын бастады. Докторантура бағдарламаларын іске асыру мақсатында жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдары мен "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы", "Қазақ тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты" арасында консорциумдық өзара келісімдер жасалды, – деді Гүлнәр Әлібекқызы. 

Ректордың айтуынша, ХИТУ ғалымдарының ғылыми зерттеулері коммерцияландыру конкурсында алғашқы кезеңдерден сәтті өткен. ХИТУ-дың жас қағлымдары Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің гранттық қаржыландыруы бойынша 5 ғылыми жобаны табысты іске асырып, "Жас ғалым" гранттарының иегерлері атанған. 

“Университет оқу және ғылыми-зерттеу қызметіне шетелдік оқытушы-сарапшыларды тартады. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамы белгілі Стамубл техникалық университетінде халықаралық тағылымдамадан өтіп отырады. Сол елден ХИТУ шәкірттеріне дәріс оқуға профессорлар шақырылып, білім берудің озық үлгілері сарапқа салынып, тәжірбие алмасу негізінде жүргізіледі. Сондай-аө мұнда Словак университетінің PhD докторанттары тағылымдамадан өтіп, кәсіби біліктілігі мен білімдерін шыңдап отырады.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университет – академиялық қалашықта орналасқан барлық ғылыми-зерттеу институттарымен келісімшарт жасап, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін бірден-бір оқу орны.Бұл өз кезегінде ізденімпаз студенттің білімін шыңдауына, өндірістік тәжірбиеден өтіп, ғылымға бет бұруына септігін тигізері анық.

2023 жылғы 27 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты – жетекші ғылыми ұйымымен «Роботтехника және бағдарламалық инженерия» бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру орталығы ашылды”, – дейді университет ректоры.

Оқу ордасы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, озық дамыған әдістемелерді, тәжірибелер мен оқыту технологияларын белсенді енгізетін заманауи университет болып табылады. Білім мен еңбекті қатар алып жүремін деген жастарға да бар мүмкіншілік қарастырылған. Солардың бірі – бүгінгі таңда университетті тәмамдап, өолына дипломын алған Алматы қаласының тұрғыны Ақжол Абраимов.

“Колледжден кейін жоғары білімімді жалғастыру үшін Халықаралық инженерлік-технологиялық университетін таңдағаныма қуаныштымын. Колледжден кейін білімін тереңдетіп, кәсіби біліктілігін жоғарылатқысы келетін замандас жастарды біздің университетке шақырамынй, – дейді оқу орнының биылғы түлегі.

Университеттің жұдырықтай жұмылған ұлағатты ұстаздар қауымы болашаққа қанат қаққан жас түлектерге сәт сапар, ақ жол тілеп, өмірден өз орындарына табатынына зор сенім білдірді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →